20 ақпан күні "Студенттердің ғылыми қоғамының" мүшелері «М.Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығын талдау» тақырыбында отырыс өткізді. Отырыста СҒҚ мүшелері оқулықтың мазмұнына сай өз презентацияларын даярлап, қазіргі педагогика мен психологиядағы ұғымдармен салыстырып, өз ойларымен бөлісті.
2023-2024 оқу жылының басынан Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж жанындағы студенттер үйінде «Оймақ» үйірмесі өз жұмысын бастады.
Бүгін Жаһанша колледжінде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының ұйымдастыруымен «АУҒАН АҚИҚАТЫ» атты кездесу кеші өткізілді. Оған студенттер мен ұстаздар және қонақтар қатысты. Шараның мақсаты - биыл Ауған соғысының аяқталғанына 35 жыл толуына арналып отыр.
16 ақпан күні колледж қабырғасында технология және бейнелеу кафедрасында көп жыл қызмет жасаған ардагер ұстаз Зеленцов Виктор Викторовичтің 85 жасқа толуына орай кездесу кеші ұйымдастырылды. Колледждің 2-қабатында мерейтой иесін шақырылған қонақтар, оқытушылар, студенттер қошеметпен қарсы алды. Колледж директоры Кайрлиева Алтынгүл Жақсығұлқызы мерейтой иесін құттықтап, гүл шоғын ұсынды. Шара әрмен қарай колледждің акт залында жалғасты.
16.02.2024ж. Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттерімен «Алматыкiтап баспасының» PR бөлімінің басшысы Гулмарал Қабдолашева еркін форматта кездесу ұйымдастырып, баспа қызметі, электрондық оқулықтар, платформаның бүгінгі таңдағы мүмкіндіктері туралы тереңірек таныстырып өтті.
Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту, шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау, жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру.
16 ақпан күні «Педагогика және психология» кафедрасының «Сіз үшін 24/7 психологиялық көмек» жобасы аясында 1а КШО-11 тобына жағымды қарым-қатынас орнату мақсатында оқытушы В.А.Даулетова тренинг өткізді.
14 ақпан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде практика бөлімінің ұйымдастыруымен «Мамандық таңдау – болашақтың кепілі» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды.