Сіз үшін 24/7 психологиялық көмек жобасы аясында 1аКШО-11 тобы сергіту жаттығуын ұсынады.
Алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, мемлекет басшысының жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде басталған этноапталықтың жалғасы ретінде Студенттер үйінде «Соғымнан -сыбаға» шарасы өтті. Соғым сою дәстүрі - қазақтың ажырамас бір бөлігі, әр жыл сайын жасалынатын дәстүрлі салт. Шараның мақсаты- соғым кезінде қандай салт, жөн-жоралғы жасалатынын жатақхана тұрғындарына таныстыру болды.
2024 жылдың 23 ақпан күні «Педагогика,психология» кафедрасының оқытушысы Н.Б.Нурланова «Сіз үшін 24/7 психологиялық көмек» жобасы аясында «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша 1пКШО-11 тобымен «Өз-өзіңді таны» атты психологиялық тренинг өткізілді.
22 ақпан күні 1аКШИ-9 тобында «Сен және заң» және «Террорлық әрекеттердің алдын алу» тақырыбында тәрбие сағатты өтті.
23 ақпан күні педагогика және психология пәндерінің оқытушысы В.А.Даулетова 3аКШФ-9 тобына «Психология және спорт психологиясы» пәнінен «Жаттықтырушының бала темпераментімен санасуы» тақырыбында зерттеу сабағын өткізді.
22 ақпан күні “Зорлық-зомбылықсыз әлем. Біз бірге жеңеміз!” тақырыбында әлеуметтік-психологиялық тренинг өтті.
Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментің №21-15-17-2/287 хаты негізінде Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Төтенше жағдайлар басқармасының инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Хайруллин Асланбек Мұратұлымен төтенеше жағдайлардың алдын алу шарасы өтті.
23 ақпан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде практика бөлімінің ұйымдастыруымен «Мамандық таңдау – болашақтың кепілі» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды.