«Білім» бейіні оқу-әдістемелік бірлестік жұмыстары

2001 жылдан бері білім саласындағы іргелі қара шаңырақтың бірі - Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж жанында«Білім» бейіні бойынша базалық оқу - әдістемелік бірлестік жұмыс жасап келеді.

19 жылдың ішінде оқу-әдістемелік бірлестік жасақталған педагогикалық мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік құжаттарымен республикаға танылып, техникалық және кәсіптік білім саласындағы жаңалықтарды енгізуге, өзекті мәселелердіталқылауға етене араласып жүр.

Бірлестіктің басты бағыттарының бірі - техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік және білім стандарттарын, үлгілік және модульдік оқу жоспарларын, модульдік білім бағдарламаларын, үлгілік оқу бағдарламаларын, жұмыс берушілермен бірлесіп нормативтік-құқықтық құжаттар, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды жасақтау. ҚР гуманитарлық және педагогикалық колледждері білім беру қызметін осы бірлестік жасақтаған стандарттарға сай жүргізуде.

Алғашқы буын стандарттары - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылы0314002 «Бастауыш сыныптарды оқыту», 0316002 «Шетел тілі», 0307002 «Мемлекеттік тілде оқымайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 0308002 «Орыс тілі мен әдебиеті», 0309002 «Мемлекеттік тілде оқымайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» және 2003 жылы 0300012 «Валеология», 0304002 «Физика», 0303002 «Математика» мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары болса, 2007 жылы 0314002 «Бастауыш жалпы білім беру» мамандығы бойынша орта кәсіптік білім стандарты жаңартылды.

2009 жылдан бастап екінші буын стандарттары шығарыла бастады, мұндағы жаңалық білім алушылардың білім, білік, дағдыларымен қатар құзыреттілік ұғымы енгізілді. 0105000 «Бастауыш білім беру», 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт», 0111000 «Негізгі орта білім» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары жасақталды.

2013 жылдан бастап0105000 «Бастауыш білім беру», 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт», 0111000 «Негізгі орта білім» мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары жасақталды. Бірлестік мүшелері аталған мамандықтар бойынша жалпыгуманитарлық, жалпыкәсіптік және арнайы пәндерден үлгілік оқу бағдарламаларын даярлап, республика көлемінде таратылып жұр.

ОӘБ жұмыс бағыттарының бірі - оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, электрондық-әдістемелік жүйе, электрондық оқулықтарды жасақтау, сынақтан өткізу, рецензиялау.

Оқу-әдістемелік бірлестік мүшелері оқулықтар мен оқу-әдістемелік жинақтар жазып, авторлық құқыққа ие болды.

2006 жылдан бастап Астана қаласының«Фолиант» баспасынан жаппай басылымға шығып, 60 оқулық пен оқу-әдістемелік кешендер ҚР колледждерінде сынақтан өтіп, 2016 жылдан бастапоқулықтар қайта өңделді.

«Білім» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестік жұмысының нәтижелері, іс-тәжірибесі облыстық, республикалық көлемде ұйымдастырылған көрмелерде, форумдарда көрсетілді.

2015 жылдың 18 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде жалпы білім беру ұйымдарындағы, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінегі оқулықтардың сапасына қатысты «Оқулықтардың сапасы және жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету туралы» тақырыбында өткен Үкімет сағаты шеңберіндегі оқулықтардың көрмесіне қатысып, оқу-әдістемелік бірлестік жасақталған білім беру стандарттары, кәсіптік стандарттар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, электрондық оқулықтардан көрме ұйымдастырылды.

 

2017 жылдың 19 сәуірінде Қарағанды гуманитарлық колледжі базасында өткен педагогикалық мамандықтардың Оқу-әдістемелік бірлестіктерінің «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогикалық мамандарды даярлау мәселелері» республикалық семинар-практикумына директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары М.С.Мұқашев қатысып, 0108000 «Музыкалық білім беру», 0106000 «Бейнелеу өнері және сызу», 0107000 «Технология» мамандықтарына маман даярлау бойынша сұрақтар талқыланып, 0106000 «Бейнелеу өнері және сызу», 0107000 «Технология» мамандықтарын 0111123 «Көркем еңбек мұғалімі» біліктілігіне ауыстыру туралы шешім қабылданған.

 

2017 жылдың 10 маусымында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде өткен педагогикалық мамандықтардың Оқу-әдістемелік бірлестіктерінің «Педагог мамандарды даярлаудың жаңа бағыттары» республикалық семинар-практикумына ОӘБ төрағасы орынбасары А.Б.Искалиева қатысып, 0111000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы мен 010508 3 «Ағылшынша білімі бар бастауыш сынып мұғалімі» біліктілігінің үлгілік оқу жоспарларын талқылауға қатысты.

 

2017 жылдың 2-3 қарашасында Орал қаласында Ж.Досмұхамедов атындағы Педагогикалық колледждің базасында «Кәсіпқор» холдингінің ұйымдастыруымен «Білім беру мазмұнының жаңару аясында педагогикалық мамандарды даярлау мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өтті. Семинар жұмысына жоспар бойынша 56 адам қатысты. Семинарға «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Орал қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары педагогикалық және гуманитарлық колледждердерінің, оқу –әдістемелік бірлестіктердің өкілдері қатысты.

 

Колледж 2018-2019 оқу жылындағы жұмыстардың қорытындысы бойынша мамандарды сапалы дайындау нәтижесімен ерекшеленіп, Батыс Қазақстан облысы бойынша «Ең үздік колледж» атағын иеленді.

2019-2020 оқу жылының жылдың 1 қыркүйегінен бастап эксперимент режимінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – НЗМ ДББҰ) жасақтаған Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту аясында 0105000 –«Бастауыш білім беру» мамандығының 010510 4 – Бастауыш білім берудің қолданбалы бакалавры біліктілігі бойынша эксперименттік оқу жоспары мен типтік оқу бағдарламалары енгізілді. Білім беру бағдарламасын әзірлеуде НЗМ ДББҰ «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде оқу жұмыс бағдарламалары мен оқу жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарына» (Астана-2016) сәйкес қолданбалы бакалавриат мамандарына қойылатын талаптар қамтамасыз етіліп, заманауи еңбек нарығын және педагогикалық колледж түлектерінің кәсіптік еңбек нәтижелерін талданған. Сонымен қатар, бұл бағдарламада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және Финляндия, Англия, АҚШ елдерінің үздік тәжірибелері қарастырылған.

«Білім» бейіні оқу-әдістемелік бірлестігі жоба шеңберінде НЗМ ДББҰ қызметкерлерінің жетекшілігімен «Бастауыш білім беру» мамандығы «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігіне арналған жаңартылған білім беру мазмұнының тұжырымдамалық тәсілдеріне және үздік халықаралық тәжірибеге негізделген 2 екі деңгейдегі (9 және 11 сынып негізінде және екі тілде) жаңа білім беру бағдарламалары мен 102 оқу бағдарламасы әзірленді. Жоба барысында әдістемелік көмек беру мақсатында пәндер бойынша оқу бағдарламаларын жүзеге асыру үшін 147 әдістемелік құрал, сондай-ақ кредиттік модульдік оқыту технологиясы негізінде колледж білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау жүйесі, білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді ұйымдастыру мен өткізу үшін оқу бағдарламаларын жасақтады.

 

Жоба аясында білім алушыларға терең білім беру, зерттеушілік қабілетін дамыту мақсатында STEM-кабинеті алынды. Бұл тек колледж ұжымына ғана емес, Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдары үшін оқыту семинарларын өткізуге де зор мүмкіндік береді.

 

Бірлестік «Кәсіпқор «Холдингі» КЕАҚ мен бірігіп «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне арналған өзектендірілген үлгілік оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша оқу құралдарын жасақтауды ұйымдастыру қызметтері» мемлекеттік тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде «ТжКБ беру ұйымын қосымша оқу басылымдарымен әдіснамалық қамтамасыз етуде өзектендірілген үлгілік оқу жоспары мен бағдарламасы бойынша білікті кадрларды даярлау үшін 100 оқу құралын жасақтауға қатысты. Кәсіптік білім беру жүйесінде оқу материалдары жеткілікті тәжірибелі мамандар оқу құралын жасақтауға қатысты.

Колледж директорының стратегиялық даму бойынша орынбасары З.А.Кошанова 2019 жылдың 11-15 қараша айында Астана қаласында өткен WorldSkills Kazakhstan–2019 чемпионатында «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша республикалық конкурстың бас сарапшысының орынбасары ретінде төрелік жасады.

 

Колледж жанындағы «Білім» бейіні оқу–әдістемелік бірлестік халықаралық, республикалық деңгейдегі семинар, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастырып, пікір алмасуларды ұйымдастырады.

2019 жылдың 12 желтоқсан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі дәстүрлі «ЖАҺАНША ОҚУЛАРЫ» аясында «ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ ҰЛТТЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДА: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ШИРЕГІ» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны жоғары деңгейде өткізді.

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК (бұдан әрі – Орталық) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің 30.01.2019 жылғы №15-10-9/2-187 хатына сәйкес Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 61-тармағын «Ұлттық біліктілік тест (ұстаздар үшін) пен оны өткізудің тетіктерін әзірлеу» (ҚР Президентінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 633 Жарлығы) орындау мақсатында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды ұлттық біліктілік тестілеуге арналған тест тапсырмалары базасын қалыптастыру үшін тест жасақтаушылар мен сарапшылар базасы жасалды. 0105000- «Бастауыш білім беру», 0111000- «Негізгі орта білім беру», «0103000 Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтары бойынша тест тапсырмаларын жасақтауға белсенді қатысты.

«Білім» бейіні бойынша базалық оқу-әдістемелік бірлестік құрамына енетін оқу-әдістемелік бірлестіктермен және басқа да колледждермен байланыс жасалды: Оқу-әдістемелік бірлестік тарапынан республика бойынша колледждерге «Білім» бейіні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт», 0105000 «Бастауыш білім беру», 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандықтары үлгілік оқу жоспары, үлгілік оқу бағдарламаларын пайдалану, модульдық оқу бағдарламасын жасақтау бойынша кеңестер берілді:

· Талдықорған политехникалық колледжі;

· Солтүстік Қазақстан колледжі;

· №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі;

· Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі;

· Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі;

· Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі;

· «Бөбек» гуманитарлық колледжі директоры;

· Астана қаласы Гуманитарлық колледжі;

· Маңғыстау гуманитарлық колледжі;

· «Мирас» колледжі (Шымкент қаласы);

· Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі;

· М.Маметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі;

· Орал гуманитарлық колледжі;

· Орал гуманитарлық-техникалық колледжі;

· Шет тілдер колледжі (Алматы қаласы);

· Бейнеу колледжі;

· Қарағанды «Болашақ» аңызды білім беру колледжі;

· Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжі;

· Демираль атындағы түрік колледжі (Алматы қаласы);

· Ақтау қаласы шетел тілдері колледжі;

· Көкшетау көпбейіндік колледжі;

· Жаңаөзен педагогикалық колледжі;

· Қарағанды гуманитарлық колледжі;

· Талдықорған «Білім» колледжі.

Педагогикалық және гуманитарлық колледждер арасында Whats App әлеуметтік желісі арқылы ортақ желі құрылып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, нормативтік-құқықтық құжаттар туралы сұрақтар талқыланып отырады.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 70

Кеше 202

Осы аптада 1105

Осы айда 3921

Барлығы 249757

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска