ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ӨСУІ

Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Есенова Л.С. 07.12.2023ж. «Бөбек» ҰҒПББСО «Бөбек» колледжі және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім Департаментінің қолдауымен 2023 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 32 жылдығына арналған ««Заманауи технологиялар және білім беру саласына ұлттық құндылықтарды енгізу шеңберіндегі педагогтердің кәсіби құзыреттілігі»» тақырыбында онлайн-форматта Халықаралық ғылыми-практикалық семинарға қатысты. Пленарлық отырыста «Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында баяндама оқып, тәжірибесімен бөлісті.

 

Оқытушы Н.А.Хамзин желтоқсан айында «Бөбек» ұлттық ғылымыи – практикалық білім беру және сауықтыру орталығы «Бөбек» колледжі ұйымдастырған «Заманауи технологиялар және білім беру саласына ұлттық құндылықтарды енгізу шеңберіндегі педагогтердің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми – практикалық семинарға қатысты. 

«Білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы инновациялық технологиялар» тақырыбындағы секция жұмысында Н.А.Хамзин «Заманауи бағытта қолөнер бұйымдарын орындау арқылы ұлттық құндылықтарды дамыту» тақырыбында шеберлік сыныбын көрсетті. Мұнда ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау барысында компьютерлік графикалық бағдарламаларды қолдану жолдары көрсетілді. CorelDRAW бағдараламасы арқылы жобасы жасалған жәдігерлік тұмар бөлшектерін лазерлік станок арқылы ою, бөлшектерді біріктіру арқылы сәндік бұйым жасау кезеңдері көпшілік назарына ұсынылды.  

 

Оқытушы Даулетова В.А. педагог және жазушы С.Көбеевтің 145 жылдығына арналған «Педагог кәсібилігі – сапалы білім мен тәрбиенің кепілі» республикалық ғылыми-практикалық конференциясына «Ы.Алтынсариннің педагогикалық ойлары» тақырыбында баяндамасын ұсынып, нәтижесінде Ідәрежелі диплом және сертификатқа ие болды, материалы жинаққа енгізіледі.

 Оқытушы Ғалымова Р.М.республикалық  білім беру ұйымдарының педагогтарының арасында ұйымдастырылған «Педагогтің кәсіби шеберлігі» атты онлайн байқауына қатысты. Байқау ережесіне сай 1 кезеңге «Менің портфолиам - педагогикалық бейнем» педагогтің портфолиосын және 2 кезең «Педагогикалық шеберлік қоймасы» бойынша панорамалық сабақтың мақаласын дайындап жіберді. Нәтижесінде гран-при иеленді.

 

Оқытушы Давлеткалиева Д.А. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жас инженер педагогтері арасында «Үздік Жас педагог-2023» облыстық байқауынан 1 дәрежелі диплом иеленді.

Кафедра оқытушысы А.М.Хамбетова 31.10.23 ж. «Мақсат» медициналық колледжіндегі өткен семинарда «Инклюзивті білім берудегі заманауи технологиялар» атты шеберлік сыныбын өткізді.

 

Оқытушы Шапанов А.Г Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы өткізілген спорт саласы құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберлік байқауына қатысып, республикалық байқауда 2 орынды иеленді.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Үздік авторлық әдістеме» байқауының облыстық кезеңіне колледж оқытушылары Құрманғалиева Баян Берікқызы, Құраубай Ақгүл Сағындыққызы, Темрешева Алтынай Жауарбековна қатысып, 1 орын лып, республикалық кезеңге жұмыстары жіберілді.

 

2023  жылдың 29 қарашасында Қостанай жоғары педагогикалық коледжі педагог және жазушы Спандияр Көбеевтың 145 жылдығына арналған  «Педагог кәсібилігі-сапалы білім мен тәрбиенің кепілі»  атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды. Кафедрадан оқытушы Ә.Б.Журекенова  қатысып жұмыс тәжірибесін үздік ұсынғаны үшін дипломмен марапатталды.

 

 Утегенова А.Т. «Заманауи білім беру жүйесі: идеялар, тәжірибелер, ізденістер» тақырыбындағы республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясында «Ең үздік баяндама» номинациясымен марапатталды.

Джумагазиева А.К. Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциянда  «Триатлон – трек» бағыты бойынша  жүлделі 2 орынмен марапатталды.

Суйнгалиева Г.К. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «Алғыс хат» марпатталды.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті 2023 жылғы 16 қазан мен 15 желтоқсан аралығында педагогикалық қызметкерлердің ақпартаттық мәдениетін, олардың кәсіби деңгейін, педагогикалық және компьютерлік ақпараттық технологияларын пайдалану дағдыларын арттыру, педагогикалық белсенділігін, дербестігін, креативтілігін және шығармашылық ізденісін ынталандыру мақсатында «Педагогтің кәсіби шеберлігі» атты онлайн республикалық байқауына Г.К.Суйнгалиева қатысып, құжаттарын тапсырды. Байқау 2 кезеңнен тұрады. І кезең: «Менің портфолиом-педагогикалық бейнем» педагогтің портфолиосын зерделеу. ІІ кезең: «Педагогикалық шеберлік қоймасы» Өткізілген ашық сабақтан бейне-сабақ. Педагогикалық порфолиосын, сабақты талдап, қолданған әдіс тәсілдерді пайланғанын, білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мәселерін толық ашып жазып,  мақала түрінде жазып жіберілді.

2023 жылдың 10 қазан күні "Бақытты елдің ұрпағы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Республикалық "Дала сазы"байқауына колледжіміздің 3асКШМ-9 тобының студенті Сарсенова Жасмина қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі Есқайров Қанат Амангелдіұлы алғыс хатпен марапатталды.

 

2023 жылдың 25 желтоқсан күні «Менің Отаным – Тəуелсіз Қазақстан!» атты қашықтықтан өткізілген Халықаралық байқауында «Аспаптық шеберлік» номинациясы бойынша жеңімпазды дайындағаны үшін Нургалиева Ж.А. дипломмен марапатталды.

 

Ташкент қаласында өткен байқаудан «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорымен үнемі шығармашылық байланыста болып, шәкірт жоғары деңгейде дайындап Есқайров Қанат Амангелдіұлы алғыс хатпен марапатталды.

22 декабря  2023 года награждена Благодарственным Письмом акима Западно-Казахстанской области Н.Турегалиева за огромный вклад  по популяризации культурных ценностей, патриотическое воспитание, укрепление мира и общенационального согласия.

 

 

 

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 141

Кеше 316

Осы аптада 457

Осы айда 5413

Барлығы 199140

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска