2 мамыр күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Кomekstopbullying» жобасы бойынша ТОО IT Group Kazakhstan директоры А. Сабурова, менеджері А.Умбеткалиевалар студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жобаның бүгінгі замандағы өзектілігі мен маңыздылығына тоқтала келіп, жоба миссиясымен, жүзеге асу алгоритмімен, «Көмек стоп буллинг» жобасының мобильді қосымшалары, әлеуметтік желілердегі аккаунттары, qr кодтары таныстырылды. Студенттер өз кезегінде толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап ала алды.