20 мамыр күні «Өнер – өркениеттің негізі» тақырыбында көркем еңбек кафедрасы онкүндігінің ашылуы болды. Онкүндіктің негізгі мақсаты: студенттердің шығармашылық, кәсіби іскерліктерін дамыту, рухани-адамгершілік, эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру, көркем еңбек мамандығы бойынша білім алып жатырған студенттердің шығармашылық жұмыстарын көрсете отырып, мамандықты көпшілікке насихаттау болып табылады. Онкүндік аясында студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі, шеберлік сыныптар, көрме, сайыстар, әртүрлі қызықты шаралар жоспарланған.
20 мамыр күні колледж студенттері Таза Қазақстан республикалық экологиялық акциясы аясында қалалық мәдениет және демалыс саябағында су тасқыны зардабын қалпына келтіру мақсатында тазалық жұмыстарына үлес қосты.
17 мамыр күні «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының онкүндігі аясында «Халықаралық отбасы күніне» орай эвапункт тұрғындары арасында спорттық жарыстар өткізілді, арқан тартыс, гір тасын көтеру, асық ату, кермеден тартылу, секіртпеден секіру сайыстарынан тұрғындар өзара бақ сынасты. Шара өте тартысты өтті.
Мемлекет басшысының шешімімен 2024 жыл «Жошы ұлысының 800 жылдығын республика деңгейінде кең көлемде атап өту» жылы болып жарияланды.
М.Жұмабаев: «Ұлттық ойындар - халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтырудың негізгі элементі»
3пКШФ-11 тобының студенттері Казиханова Айкөркем, Нұрланов Нұртілек, Ерболатов Жастілек “Асық ойыны”, “Бес асық”, “Қазақ күресі”, 4аКШФ-9 тобының студенті Какимжанова Аягөз “Ләңгі” тақырыптарында баяндамалар оқыды.
12-16 мамыр аралығында Ақтау қаласында өткен Жастар арасындағы жауынгерлік самбодан колледжіміздің 4аКШФ-9 тобының студенті Қамидоллаева Жансая Азия чемпионы атанды.
Жансаяны шын жүректен құттықтаймыз! Алар биігің көп болсын!
15 мамыр күні колледж жанындағы студенттер үйінде орналасқан эвакуациялық пунктте ҚР Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Е.И.Тарасенко, Орал қалалық мәслихат депутаты Н.А.Ашикова және басқа да облыстық басқармалардың өкілдері тұрғындармен кездесті.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының онкүндігі аясында колледж студенттері арасында волейболдан жарыс өтті. Жарысқа бітіруші топ студенттері қатысты.
15 мамыр күні Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж кітапханасы эвакуациялық пункт тұрғындары үшін «Мен оқыдым, сен де оқы!» атты шара ұйымдастырды.
Кітапханашы Г.С. Хаймулдиева ақыл кені болған кітаптың құндылығына тоқталып, қазіргі уақытта электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан, дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайтының айтты.