ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Оқу-өндірістік жұмыс

Мақсаты:  Студенттердің теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды меңгерту. Бақылау, байқау, зерттеу жұмыстары арқылы іскерліктерін қалыптастырып, тәжірибе жинақтау.  Педагогикалық практика сапасын жетілдіру жұмысын жалғастыру. Әлеуметтік серіктестермен жұмыстардың жаңа форматтарын ұйымдастыру;

Міндеттері:

  1. Болашақ маманның рухани-адамгершілік құндылықтарын, интеллектуалдық және дене мүмкіндіктерін ашуға, денсаулық сақтау, ақпараттық-оқыту ортасын жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау;
  2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, басшылыққа алу, кеңестер, нұсқаулықтар өткізу.  Педагог кәсібінің  жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту.
  3. Студент – машықкерді мектеп (өндіріс) өміріне әлеуметтік қарым – қатынасқа түсе білуге бейімдеу.
  4. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі жаңа тәсілдер мен тетіктерді қамтитын 2022-2026 жылдарға арналған «Еңбек 2.0» ұлттық жобасы бойынша түлектерді жұмыспен қамту шараларын ұйымдастыру;
  5. Әлеуметтік серіктестермен координациялық кеңестің және «Жаһанша жасын» түлектер қауымдастығы жұмысын жандандыру;
  6. Студенттердің педагогикалық қызметке икемділігін саралау.
  7. Мектеп мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерімен таныстыру.
  8. Зерттеу және жобалау технологиясы арқылы өзін-өзі дамытатын болашақ құзыретті педагог тұлғасын қалыптастыру.
  9. Студенттердің колледж қабырғасында алған теориялық білімдерін тереңдету. Осы білімдерін оқушылармен жүргізетін оқу–тәрбие жұмысында қолдана білуге үйрету.
  10. Оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін оқу тәрбие үдерісінде пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.
  11. Студенттерді балалар мен жасөспірімдер психологиясы негізіне сүйене отырып, ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізу элементтерін қалыптастыруға, оқушылармен оқу–тәрбие жұмысын жүргізуге үйрету.
  12. Студенттердің оқу-тәрбие әрекеттеріне жаңартылған білім мазмұны талаптарын еңгізу.

Жұмыс, қаралатын сұрақтар атауы

Орындалу мерзімі

Индикаторлар/ Соңғы нәтиже

Жауаптылар

 I. Педагогикалық практиканы ұйымдастыру жұмысы

1

2023–2024 оқу жылындағы педагогикалық практиканы ұйымдастыру және әлеуметтік - серіктестік жұмыстарының жоспарын құрастыру. Кәсіптік педагогикалық практика жүктемесін әзірлеу.

Тамыз

Қаңтар

Практиканы ұйымдастыру, әлеуметтік - серіктестік жұмыстарының жоспары құрылып,  әдіскерлердің жүктемесі бөлінеді.

Практика бөлімі

2

2023-2024 оқу жылының І жартысында базалық мекемелерде өткізілетін кәсіптік практика кестесін құру.

Қыркүйек

І-ші жарты жылдықта өткізілетін кәсіптік практикалар оқу үдерісі кестесіне сәйкес, жұмыс берушілермен келісіп практика кестесі құрылады

Практика бөлімі

3

«Баланың мектептегі алғашқы күндері»,  «Жазғы педагогикалық практика» қорытындысы бойынша конференция өткізу.

Қыркүйек

Өткізілген практикалар құжаттары сараланып нәтижесі анықталады, бағаланады.

Педагогика және психология кафедрасы

4

Колледждің бітіруші түлектеріне арналған «Lider Strateg» тренингі

Қараша

Болашақ түлектер жаңа әлеуметтік ортамен қатынас жасау  психологиялық ахуалдармен танысып, әдіс тәсілдерді меңгереді

Практика бөлімі

Психолог

5

Колледж түлектерінің диплом алдындағы практикаға дайындық сапасын анықтау конференциясы.

Желтоқсан

Студенттердің дипломалды практикаға дайындық деңгейі анықталады, практикаға жолдама алынады.

Практика бөлімі

Әдіскерлер

6

2023-2024 оқу жылының ІІ жартысында базалық мекемелерде өткізілетін кәсіптік практика кестесін құру.

Қаңтар

ІІ-ші жарты жылдықта өткізілетін кәсіптік практикалар оқу үдерісі кестесіне сәйкес, жұмыс берушілермен келісіп практика кестесі құрылады

Практика бөлімі

7

Диплом алдындағы практика нәтижесі сапасын саралау конференциясы.

Наурыз

Диплом алдындағы практика нәтижелері сараланады, бағаланады.

Практика бөлімі

Әдіскерлер

8

«Жыл студенті-2024»  байқауын ұйымдастару.

Мамыр

 «Жыл студенті-2024» байқауында студенттердің шығармашылығы, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруі, педагогикалық мақсатқа жетуі сараланып, кәсіби құзыреттіліктері анықталады.

Практика бөлімі

Топ кураторлар

9

Жазғы педагогикалық практикаға дайындық семинарын өткізу.

Мамыр

Жазғы педагогикалық практикаға дайындық деңгейі анықталады, практикаға жолдама алады.

Практика бөлімі

Әдіскерлер

10

 «Электрондық портфолио» жасақтау, толықтыру.

Қыркүйек

Қаңтар

Машықкердің электрондық портфолиосына:  

күнделіктері, сабақ, сыныптан тыс шаралардың жоспарлары, оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланатын дидактикалық материалдарының сапалы мазмұныны жасақталады

Практика бөлімі Әдіскерлер

11

Барлық мамандықтар бойынша өткізілетін әрбір практикадан соң педагогикалық кеңес өткізу

Жыл бойы

Барлық мамандықтар бойынша өткізілетін әрбір практика қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес өткізіліп, анықтама жазылады.

Практика бөлімі

Әдіскерлер

12

Практиканттардың  педагогикалық практикаға әзірліктері.

 

а) байқау практикасы,

 

 

ә) сыныптан тыс жұмысы технологиясы практикасы:

 

б) жазғы практика:

 

 

 

в) дипломалды практика.

Жыл бойы

Практиканттардың  педагогикалық практикаға әзірліктерін  тексеріледі.

а) күнделіктер, әдіскер бекіткен ұзақ, қысқа мерзімді жоспарлар, сабақта қолданатын дидактикалық материалдар, көрнекіліктер, әр пәнге арналған сабақ талдау схемасы.

ә) күнделік, тәрбие жұмысы жоспары, сынып жетекшісі, әдіскерлер бекіткен тәрбие сағатының жоспары, көрнекі құралдары.

б) күнделік, жазғы балалар лагеріндегі сауықтыру жұмыстары жоспары, материалдар жинақталған практикант портфолиосы, оқушыларды бақылау сызбасы.

в) күнделік, колледж директоры жолдамасы, практикант портфолиосы дайындалып, қолданылады.

Практика бөлімі

 

13

Әдіскерлердің студенттерді практикаға әзірлеу сапасын бақылау.

Жыл бойы

Студенттердің практикаға әзірлігін ұйымдастыру, қадағалау, құжаттарын рәсімдеу жұмыстарының  сапасы бақыланады.

Практика бөлімі

Әдіскерлер

14

Практиканттардың сабаққа қатысу, өткізу сапасын бақылау.

Жыл бойы

 Әдіскерлер кесте бойынша студенттердің сабаққа дайындығы, өткізу деңгейін  қадағалайды.

Практика бөлімі

15

Журнал толтыруды, уақытында баға түсіруді бақылау.

Жыл бойы

Әр практика соңында әдіскерлердің журналды уақытылы толтыруы, баға түсіруі тексеріледі.

Практика бөлімі

16

Педагогикалық практикаға әдіскерлердің қатысуын бақылау.

Жыл бойы

Әдіскерлердің педагогикалық практиканы жүргізуі практика базаларында тексеріліп, қадағаланады.

Практика бөлімі

17

Машықкерлердің практика бойынша құжаттарын тексеру.

Жыл бойы

Студенттердің күнделіктері мен құжаттарын  толтыру сапасы практика барысында  тексеріледі.

Практика бөлімі

ІІ. Әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық жұмыс

1

Әлеуметтік серіктес, жұмыс берушілермен (шарт мерзімі аяқталған мектептермен) келісім-шартқа отыру

Қыркүйек

Оқу жоспарына сәйкес практиканы жоспарлау және өткізу бойынша жұмыс берушілермен Келісім-шарттар жасалады.

Практика бөлімі

2

Жас мамандарға кредиттік-модульдік жүйе бойынша оқу модулінің жұмыс оқу бағдарламасын жасақтауға әдістемелік көмек беру.

Қазан

Оқу модулінің жұмыс оқу бағдарламасын жасақтауға жас мамандарға әдістемелік көмек беріледі.

Практика бөлімі

3

Аудан мектептерінде ашылған педагогикалық сыныптармен жүргізілетін жұмыстарды жүйелі жалғастыру.

Қаңтар

Педагогикалық сыныптар жұмысы  ұйымдастырылады.

Практика бөлімі

4

«Менің кәсіби ұстаныным. Болашақ. Мансап» педагогикалық сыныптармен семинар

Ақпан

Педагог мәртебесі мен кәсіби ұстанымы бағытында оқушыларымен танымдық сағат өтіледі

Практика бөлімі

Педагогика және психология кафедрасы

5

«Мектепте Ш.Құдайбердіұлы шығармаларын тиімді оқыту жолдары» әдістемелік семинар

Қазан

Ш.Құдайбердіұлы шығармаларын жаңартылған білім жағдайында оқу-тәрбие үрдісіне енгізеді

Қазақ тілі және әдебиет кафедрасы

6

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен колледж оқытушыларымен бірлесіп «Шебер педагог - білімді әрі саналы ұрпаққа негіз» тақырыбында практикалық семинар

Желтоқсан

 Шебер педагогтың іс-тәжірибесі  тәрбиешілер мен мектеп  мұғалімдері, колледж оқытушыларымен семинарда талданады

Мектепке дейінгі ұйымда тәрбие мен оқыту кафедрасы

7

 «Педагог шеберлігі-озық идея». Бастауыш сынып мұғалімдерімен өткізілетін шеберлік сағаты

Қараша

Мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары арасында іс тәжірибе алмасады

Педагогика және психология кафедрасы

8

«Музыка пәнін оқытуда инновациялық тәсілдерді қолдану» музыка пән оқытушыларымен семинар

Қараша

Семинарда цифрлық транформациясы жағдайында музыка пәні  мұғалімнің кәсібилігі сараланады

Музыка кафедрасы

9

«Білім сапасын арттыру факторы ретінде бағалау». Колледж, мектеп оқытушыларының әдістемелік семинары

Ақпан

Сабақтың білім сапасын арттыру факторы ретінде бағалаудың жүргізілуі  анықталады

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы

10

«Математиканы оқытуды жетілдіру стратегиялары» тақырыбы бойынша семинар

Желтоқсан

Математика, физика, информатика пәндерінде білім мазмұнының сабақтастық моделін негіздеу талданады.

МИФ кафедрасы

11

«Колледж бен мектеп ынтымақтастығы: Инновация. Жаңа тәсіл. Тәжірибе» ағылшын тілі мұғалімдерінің практикалық семинар.                                                             

Сәуір

Ағылшын тілі пәнінің жаңа инновация тәсілдерін талқылайды

Ағылшын тілі кафедрасы

12

«Көркем еңбек пәнін ұлттық құндылықтар негізінде оқыту» мектеп мұғалімдерімен семинар

Сәуір

Ұлттық құндылықтарды оқыту үрдісінде  қолдану.

(салт-дәстүр, қолөнер, халық ауыз әдебиеті)

Технология кафедрасы

13

«Дене тәрбиесі пәнінде жеңіл атлетиканы жүргізу ерекшеліктері» семинар.

Сәуір

Жеңіл атлетиканы жүргізу ерекшеліктерін анықтайды.

Дене тәрбиесі кафедрасы

14

«Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану пәндері оқытушыларының кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»  әдістемелік семинары

Ақпан

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндерін оқытудағы цифрлық технология тәсілдерін меңгереді

Қоғамдық пәндер және жаратылыстану кафедрасы

15

«Мұғалімнің кәсіби шеберлігі – сапалы білім кепілі». Мектеп мұғалімдерімен семинар

 

Бастауыш сынып мұғалімдерімен әдістемелік семинар

Педагогика және психология кафедрасы

16

Жұмысқа орналасқан жас мамандардың еңбекке бейімделуі және кәсіби қалыптасу деңгейіне мониторинг жүргізіп, сараптау.

Жыл бойы

Жас мамандардың кәсіби қалыптасу деңгейі анықталады

Практика бөлімі

Әдіскерлер

 

17

Әлеуметтік серіктестер қатысуымен «Жыл студенті-2024» байқауын  ұйымдастыру.

Жыл бойы

Жұмыс берушілердің қатысуымен байқау бағаланады.

Практика бөлімі Студенттер кеңесі

IІІ. Түлектерді жұмыспен қамту шараларын ұйымдастыру

1

2023 жылғы түлектердің  жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтер жинау, сараптау.

Қыркүйек

Қазан

 

2023 жылғы түлектердің  жұмыспен қамтылуы сарапталады

Практика бөлімі

Кафедралар

Топ жетекшілері

2

Облыстық білім беру мекемелерінде мамандарға сұраныс жағдайын анықтап, жұмыссыз түлектерді жұмыспен қамтуды ұйымдастыру.

Жыл бойы

 

Түлектерді жұмыспен қамту үшін жұмыстар жүргізіледі.

Практика бөлімі

3

Түлектер қауымдастығы мүшелерімен шеберлік сағаттар, коучингтер өткізуі

Қараша

Түлектер қауымдастығы мүшелерінің тәжірибелері таратылады, насихатталады

Практика бөлімі

4

БҚ Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, аудандық білім басқармасы  қызметкерлерімен кездесулер өткізу.

Сәуір

Мамыр

 

Жұмыспен қамтуға байланысты мемлекеттік бағдарламалар, бос жұмыс орындары туралы ақпараттар алынады

Практика бөлімі

6

«Колледж мақтаныштары». Түлектер естелік жинағы

Ақпан

Түлектер туралы мәліметтер қоры жасақталады

Практика бөлімі

ІV. Әдістемелік көмек көрсету жұмыстары

1

Жас әдіскерлермен жұмыс жоспарын құру. Тәлімгерлер тағайындау.

Қазан

Жас әдіскерлерге  тәлімгерлер тағайындалып, жұмыс барысы қадағанылады.

Практика бөлімі

Тәлімгерлер

2

Кітапхана қызметкерлері және әдіскерлермен бірлесе отырып жаңа әдістемелік басылымдармен танысу.

Қараша

 

Жаңа әдістемелік басылымдармен танысып, талдау жүргізіліп отырады..

Практика бөлімі

Кітапханашылар

3

Тәлімгерлік жұмысты жалғастыру.

Педагогикалық практика бойынша сыныптан тыс тәрбие жұмысы технологиясы, байқау практикалары бойынша әдіскерлердің есептерін тыңдау.

Қаңтар

Мамыр

Тәлімгерлік жұмыс жүргізіліп, әдіскерлердің есептерін тыңдалып, талданады, нұсқау беріледі

 

Практика бөлімі

Тәлімгерлер

4

«Тәжірибелі әдіскер мектебі» жұмысы аясында «Жаңа модельге бағыттылған жаңа бастамалар» №48«Мұрагер» бөбекжайы  әдіскері Ш.Сабированың шеберлік сағаты.

Қазан

Жаңа модельге бағыттылған жаңа бастамалар, білім берудегі өзгерістерімен танысып, талданады

Практика бөлімі

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту кафедрасы

5

 «Көркем еңбек мұғалімі» мамандығы бойынша №47ЖОББ мектебінің мұғалімі А.Қонысбаеваның «Көркем еңбек сабағында интербелсенді әдістерді қолдану»   тақырыбындағы дәріс

Қараша

№ 47 ЖОББ мектебінің мұғалімі А.Қонысбаеваның тәжірибесімен танысып таратылады 

Практика бөлімі

Технология кафедрасы

6

Негізгі музыкалық аспап баян пәнінен В.А.Кожевниковтың «Пьесамен жұмыс» тақырыбындағы шеберлік сағаты

Қазан

Колледждің музыка пәнінің оқытушылары мен  студенттермен   іс тәжірибе алмасады.

Практика бөлімі

Музыка кафедрасы

7

№49 ЖОББ мектебінің дене тәрбиесі пән мұғалімі С.Т.Газизовтың «Спорттық ойындарды оқытуда тиімді тәсілдерді қолдану» тақырыбындағы шеберлік сағаты.

Наурыз

«Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасы оқытушылары мен студенттеріне әдістемелік тәжірибе көрсетіліп, талдап,  пікір алмасады.

Практика бөлімі

Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы

8

«Машық тәжірибиесінде Lesson study-ды қолдану» тақырыбындағы № 46 ЖОББ мектеп мұғалімі Ж.Ж Кубаеваның шеберлік сағаты.

 

Lesson study тәсілдерін тиімді қолдану бағыттарын меңгереді

Ағылшын тілі кафедрасы

9

Жас әдіскерлердің озық тәжірибелі оқытушылардың сабақтарына қатысуын, талдауын, пікір алмасуын ұйымдастыру.

Жыл бойы

Жас мамандар озық тәжірибелі оқытушылармен өзара тәжірибе алмасады

Практика бөлімі

Әдіскерлер

V Оқытушы - әдіскерлермен өткізілетін отырыстар.

1

«Баланың мектептегі алғашқы күндері», «Жазғы» практикаларын қорытынды әдістемелік отырысы.

Қыркүйек

Өткізілген практикалардың қорытынды әдістемелік отырыстары өтеді

Практика бөлімі

Әдіскерлер.

2

Байқау практикасының барысын саралау отырысы.

Қараша

Байқау практикасының барысы сараланып, ұсыныстар талқыланады..

Практика бөлімі

3

 Диплом алдындағы практикаға дайындық деңгейін анықтау,сараптау семинары

Желтоқсан

Диплом алдындағы практикаға дайындық деңгейін анықтап, қадағалауға алынады

Практика бөлімі

 

4

2023-2024 оқу жылының I жартысындағы кәсіптік практика нәтижесін талдау.

Қаңтар

2023-2024 оқу жылының I жартысындағы кәсіптік практика нәтижесіне талдау жүргізіледі

Практика бөлімі

Әдіскерлер

5

Диплом алдындағы практика қорытындысын сараптау арқылы болашақ мамандардың құзыреттілік деңгейін анықтау және №3, №4 сауалнамаларын қорытындылау.

Наурыз

№3, № 4 сауалнамалары бойынша түлектер деңгейі анықталып,  сарапталады.

Практика бөлімі

Әдіскерлер

6

2023-2024 оқу жылының II жартысындағы кәсіптік практика нәтижесін талдау.

Мамыр

II жартысындағы кәсіптік практика нәтижесін талдайды.

Практика бөлімі

7

Жазғы практикаға дайындық деңгейін анықтау мақсатындағы конференция ұйымдастыру 

Мамыр

Жазғы практикаға дайындық деңгейін анықталып, нұсқаулық беріледі.

Практика бөлімі

Әдіскерлер

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 70

Кеше 202

Осы аптада 1105

Осы айда 3921

Барлығы 249757

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска