«Оқуға құштар колледж» жобасы шеңберінде Білім алушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында Арайлым Тайбасарқызының жетекшілігімен 1скКШИ-9 студенттері кітапхана қорындағы кітап қорымен және өздері танысып өткен көркем әдебиетпен, білім алушыларға кітап оқуға видеоролик арқылы кеңес берді.
2022 жылы 11 мамыр күні Ж.Досмұхаммедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжінің Кәсіптік практика кестесіне сәйкес «Шет тілі мұғалімі» біліктіліктері бойынша оқитын 2 ап КШИ 11 тобының байқау практикасының нәтижесін қорытыңдылауға байланысты конференция өткізілді.
"Оқуға құштар колледж" жобасы аясында 4сҚМҚ-9 тобы студенттері арасында "Кітап алмасу" челленджі көптен жүріп жатыр. Топ студенттері бір-бірімен әдеби кітаптар алмасып, оқып, біріге талдап, өзара пікірлерімен бөліседі. Осы уақытқа дейін студенттер түрлі кітаптарды талдап үлгерді. Оның ішінде жыр жинақтары да бар.
14 мамыр күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі 4аКШК-9 тобы студенттері топ жетекшісі Алтынай Жауарбекқызының ұйымдастыруымен Халықаралық отбасы күніне орай «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында ата-аналар мен студенттерге арналған тренинг өткізді.
Мамыр айының алтыншы жұлдызы 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне арналған “Өлкенің тарихи тұлғалары” жобасы бойынша Мәншүк Маметова мен Хиуаз Доспанованың 100 жылдық мерейтойларына орай тарихи-танымдық Ерлік эстафетасының бағдарламасы аясында Ж. Молдағалиев атындағы әмбебап кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен М. Маметова алаңында “Батыстың батыр қыздары” атты шара өтті.
05.2022ж. 7 – мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2асКШТ - 9 топ студенттері Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының ұйымдастыруымен көрме залында суретші, мүсінші, қолөнер шебері, Сырым аудандық балалар – жасөспірімдер шығармашылық орталығның ағаш шебері үйірмесінің қосымша білім беру педагогі Нұрболат Қабиевтің «Тәуелсіздікке тарту» атты көрмесіне қатысты.