Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің педагог-психологы Н.Х Курмангалиеваның 2021 - 2022 оқу жылына арналған жұмыс бағыттары
Мақсаты: Жеке тұлғаның психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік – психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысуларға психологиялық қолдау көрсету.
Міндеттері:
- Студенттердің әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне кешенді көмек көрсету;
- Студенттердің интеллектуалды және тұлғалық дамуын психологиялық-педагогикалық зерттеу, профилактикалық және коррекциялық жұмыс жүргізу;
- Балаларды тәрбиелеудегі туатын қиыншылықтар және отбасындағы микроклиматты жақсарту бойынша ата-аналарға кеңес беру;
- Студенттердің әлеуметтік педагогикалық жағдайын, ортасын, өмір салтын, қызығушылығы мен қажеттіліктерін зерттеу, психологиялық көмек пен қолдау көрсету жолдарын таңдау;
- Студенттердің қызығушылықтарын және қажеттіліктерін, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтау және оқыту мен тәрбиелеуде оларды дифференциялды зерттеу және потенциалды мүмкіндіктерін тиімді ескеру;
- Студенттерге көмек көрсету үшін оқытушылардың, ата-аналардың, түрлі қызметтер мен мекеме мамандарының әрекеттестігін үйлестіру.
Педагог-психолог қызметім негізгі 5 бағыт бойынша жүргізілді. Олар:
1. Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс
2. Диагностикалық жұмыс
3. Түзету-дамыту жұмыстары
4. Кеңес беру жұмыстары
5. Психологиялық ағарту және алдын алу жұмыстары