ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
Ж.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МКҚК
«Білім» бейіні оқу-әдістемелік бірлестігі
Кайрлиева Алтынгул Жаксыгуловна п.ғ.д., «Білім» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің төрағасы |
Кошанова Зауреш Аманкосовна |
Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж жанындағы «Білім» бейіні бойынша базалық оқу-әдістемелік бірлестігі «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестіктері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 3 қазанындағы №552 бұйрығы негізінде жұмыс істейді.
ОӘБ қызметінің негізгі міндеттері:
- ТжКБ саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды дайындау;
- ТжКБ мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын және үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға қатысу;
- ТжКБ ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру үшін нормативтік-құқықтық және оқу-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз ету;
- дайындалған оқу әдебиеттерін, аударылған шетелдік оқу әдебиеті мен оқу құралдарын, ТжКБ білім беру бағдарламаларын, әртүрлі деңгейдегі және әр түрлі мақсаттағы тест тапсырмаларын сараптауды, рецензиялауды жүргізу;
- оқу әдебиеттерін, ОӘК, электрондық оқулықтарды байқаудан өткізуді ұйымдастыру;
- ТжКБ ұйымдарында пайдалану үшін қажетті ұсынылған оқу әдебиеттерінің, оқу құралдарының, ОӘК тізбесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу;
- инновациялық білім беру технологияларын енгізу бойынша озық тәжірибені жинақтау және тарату;
- оқытудың кредиттік технологиясы мен оқытудың дуальды жүйесін енгізу тәжірибесін талдау;
- ОӘБ бейініне сәйкес келетін ТжКБ мамандықтары бойынша кадрларды даярлауды жүргізетін ТжКБ ұйымдарының өзара қызметін үйлестіруді жүзеге асыру.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту БҰЙРЫҒЫ