2 мамыр күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің "Музыкалық білім беру мамандығы" кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің ұйымдастыруымен «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» атты 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған концертті өтті. Мерекелік шараны колледж оқытушылары, студенттер және Студенттер үйінде орналасқан эвакуациялық орталық тұрғындары тамашалады.
Қазақстан халықтарының ұлтаралық достығы мен бірлігін нығайтуға арналған шарада қазақтың халық әндері, қазақ биі, татар ұлттық биі, Қырғыз халық әні "Жылқышы", орыс, татар әндері орындалды. Концерт барысында балалардың көңілдерін көтеру үшін заманауи әндер мен "Алаш" этнофольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен рухты күй, термелер де шырқалды.
Шара соңында Е.Хасанғалиевтің "Атамекен" әні көрермендермен қосыла бірге шырқалды. Концерт өз деңгейіненде жоғары өтті оған дәлел тұрғындарымыздың жылы лебіздері мен ыстық қошеметтері.
Сіздерді 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!