АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІ

АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕЖЕСІ

(Ата-аналар жиналысында қаралып, ұсыныс берілді хаттама №1 08.11.2018ж)

1.Жалпы ережелер

1.1. Ата-аналар комитеті колледжді басқаруда бақылаушы органы болып табылады жəне колледждің тəрбие кеңесінің жұмысына сəйкес əрекет етеді.

1.2. Ата-аналар комитеті қоғамдық басқару органы болып табылады жəне қолданыстағы заңнамаға сəйкес колледж əкімшілігімен, колледж кеңесімен, педагогикалық кеңеспен жəне басқа қоғамдық басқару органдарымен жəне қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді.

1.3. Ата-аналар комитеті туралы ереже колледжішілік ата-аналар жиналысында қабылданады және және колледж басшысы бекітеді.

1.4. Ата-аналар комитеті педагогикалық ұжымға білім беру үдерісін, білім алушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыруда жəне білім алушыларды əлеуметтік қорғауда көмек көрсету үшін құрылады.

1.5. Ата-аналар комитетін төраға басқарады.Ата-аналар жиналысын өткізуге мүшелері жауапты болады.Ата-аналар комитетінің жұмыс жасау мерзімі-1 жыл.

1.6. Ата-аналар комитетінің жұмысының жүйелі жасалуын бақылау үшін колледж директорының орынбасары мүшесі болып бекітіледі.

1.7. Ата-аналар комитетінің жұмысы БҰҰ-ның Баланың құқығы туралы конвенциясымен, ҚР Білім туралы заңы,білім беру ұйымдарындағы типтік ережелермен, колледж жарғысымен және колледжішілік ішкі тəртіп ережесіне байланысты болады.

1.8. Ата-аналар комитетінің шешімі ұсыныс ретінде беріледі.

1.9. Ата-аналар комитетінің негізгі міндеттері.

-колледж әкімшілігімен бірге оқу процесін реттеп қалыптастыруда жағдайлар жасайды.

-студенттердің өмір қауіпсіздігі және денсаулығы, жеке тұлғаның еркін дамуы, студенттің қызығушылығының заң жүзінде қорғалуы, колледжішілік іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуі.

-Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру, студенттердің құқығын және жан-жақты дамуындағы отбасының жағдайы.

2.    Ата-аналар комитетінің қызметі

2.1. Оқу-тəрбие процесін ұйымдастыруда қалыпты жағдайлар жасау.

2.2. Әр топтағы ата-аналар комитетінің іс-әрекетін жүйелеу, бақылау.

2.3. Ата-аналар арасында түсіндіру және ұсыныс беру жұмыстарын ұйымдастырады.

2.4. Колледжішілік іс-шараларды ұйымдастыруда ата-аналардың оқу орнымен байланысын нығайту.

2.5. Колледждің жаңа оқу жылына дайындығына қатысу.

2.6. Колледж әкімшілігімен бірге дәрігерлік қызметті бақылайды.

2.7. Колледжішілік жалпы ата-аналар жиналысын өткізуге көмектеседі.

2.8. Өз тараптарына түскен ұсыныс, сұрақтарды қарастырады. Колледж басшысының нұсқауымен осы ережеде көрсетілген комитет құзырындағы мәселелерді қарастырады.

2.9. Комитет құзырына кіретін колледжішілік сұрақтарды қарастырады.

2.10. Оқу процесіндегі қауіпсіздік шарттарын іске асыруға, ұйымдастыруға санитарлық-гигиеналық ережелермен талаптарды сақтауға қатысады.

2.11. Коллледж өмірінің қалыптасу дәстүріне байланысты үгіт насихат мәселесімен басқа қоғамдық ұйымдармен байланыс жасайды

2.12. Кәмелетке толмағандардың арасындағы тәртіпбұзушылық, бақылаусыздық, қараусыздық пен қылмыстың алдын алу мәселесі бойынша педагогикалық ұжыммен байланыс жасайды.

2.13. Комитет құзырына жататын колледжішілік іс-шаралар өткізу және басқа мәселелер бойынша жастар комитетімен, топ жетекшілерімен, басқада ұйымдармен байланыс жасайды.

3.    Ата-аналар комитетінің құқығы

-Осы ережеде айтылған комитеттің құзырына сәйкес төмендегідей құқықтары бар- колледж əкімшілігіне, өзін-өзі басқару ұйымдарына ақпараттар жөнінде нəтиже алу, оларды қарастыруға ұсыныс жасау;

-колледж әкімшілігінен және өзін-өзі басқару ұйымдарынан ақпарат алу немесе оны тыңдау;

-топтардың ата-аналар комитетінің шешімдеріне сәйкес студенттердің ата-аналарын өз отырыстарына шақыру;

-отбасындағы бала тәрбиелеудегі кемшіліктері үшін ата-аналарға сын айту;

-колледжішілік және т.б іс-шараларды өткізуге көмектесіп, белсенділік танытқан ата- аналарды  марапаттау;

4.Ата-аналар комитетінің жауапкершілігі

-Комитет жұмыс жоспарының орындалуына;

-комитеттің ұсыныстары мен шешімдерінің орындалуына;

-колледж әкімшілігімен ата-аналар арасындағы отбасылық және қоғамдық тәрбие жөніндегі өзара түсіністік мәселелерін қалыптастыру;

-қолданылатын заңнамаларға сәйкес сапалы шешімнің қабылдануына;

-комитеттің жеке және барлық мүшелерінің әрекетсіздігіне;

-ата-аналар комитеті төрағасының ұсынысы бойынша комитет жұмысына қатыспаған мүшелері,сайлаушылардың шешімімен орнынан алынуына жауап береді;

5.Жұмысты ұйымдастыру

5.1. Комитет құрамына әр топтан екі ата-ана кіреді. Жыл басындағы өтетін ата-аналар жиналысындағы өкілдер комитетке сайланады.

5.2. Комитеттің сандық құрамы өз еркімен анықталады.

5.3. Өз құрамынан комитет төрағасы сайланады (санына байланысты төрағаның орынбасарлары мен хатшылары сайланады)

5.4. Комитет колледж директорының келісімімен жасалған жұмыс жоспарымен қызмет етеді.

5.5. Комитет өз жұмысы жөнінде жылына бір рет жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысында есеп береді.

5.6. Комитет отырысқа қатысқан тең жарты мүшелерімен шешім қабылдай алады. Шешім көпшілік дауыс арқылы қабылданады.

6.Іс-жүргізу

6.1. Комитет іс-жүргізу нұсқауларына сәйкес жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысының және өз отырыстарының хаттамаларын жүргізеді.

6.2. Хаттамалар колледж кеңесінде сақталады.

6.3. Комитеттегі іс-жүргізу жауапкершілігі комитет төрағасына немесе хатшыға жүктеледі.

 

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 84

Кеше 221

Осы аптада 563

Осы айда 2096

Барлығы 247932

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска