«Құқық бұзушылықтың алдын-алу»

«Жасөспірім және қоғам» тақырыбы бүгінгі таңда маңызды тақырыпқа айналды, себебі өкінішке орай кейбір жасөспірімдер құқықбұзушылықтың арты неге әкеліп соғатынына аса мән бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді. 

«Сознательное поколение – залог светлого будущего» тақырыбында тәрбие сағаты

1 қыркүйек күні салтанатты шарадан кейін 1а РДО тобында «Сознательное поколение – залог светлого будущего» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тәрбие сағатының қонағы колледждің ардагер ұстазы Белоконь Лидия Ивановна болды. Тәрбие сағаты барысында студенттер топтық жұмыс арқылы болашақ тәрбиешінің моделін постер арқылы қорғады, логикалық тапсырмалар орындады, «Ассоциация» ойынын ойнады, келген қонақпен пікір алмасты, рефлексия бөлімінде өз ойларымен бөлісті.

9-11 сыныптарға ақылы негізде талапкерлердің 1 легіне кешенді емтихан жүргізілді

09.08.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 9-11 сыныптарға ақылы негізде талапкерлердің 1 легіне кешенді емтихан жүргізілді. Талапкерлерге әр мамандық бойынша емтихан қабылдаушылар емтиханның өту барысы туралы түсіндіріп болған соң, сынақ кітапшалары мен парақшалары үлестіріліп берілді. Кешенді емтихан барлық талаптарға сай өткізіліп, қадағаланды. Емтиханның қорытынды нәтижелерін www.pedcollege.kz сайтынан немесе фейсбук желісінен көруге болады.

Мемлекеттік тапсырыс негізінде 9-11 сыныптардың 1 легіне кешенді емтихан жүргізілуде

08.08.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде мемлекеттік тапсырыс негізінде 9-11 сыныптардың 1 легіне кешенді емтихан жүргізілуде. Талапкерлерге әр мамандық бойынша емтихан қабылдаушылар емтиханның өту барысы туралы түсіндіріп болған соң, сынақ кітапшасы мен парақшалары үлестіріліп берілді. 9 сынып талапкерлеріне 2 пән бойынша 90 минут (1 сағат 30 минут), 11 сынып бойынша 3 пән бойынша 130 минут (2 сағат 15 минут) уақыт беріледі.

«Жақсы әдеттер» марафоны

Білім басқармасының 1-30 маусым аралығында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлық аясында 13.06.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде әлеуметтік педагог А.Мухсинова 1 курс студенттеріне денсаулық сақтайтын жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, психикаға белсенді әсер етеін заттарды (ПБӘЗ) тұтынудың алдын алу бойынша түрлі жастағы халықтың ақпарат алу деңгейін арттыру мақсатында «Жақсы әдеттер» марафоны бойынша тренинг ұйымдастырып өткізді.

«Емтиханға даярлық кезінде стресстен қалай құтылуға болады?» тренинг

06.06.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде әлеуметтік педагог А.Мухсинова емтихан тапсырушы студенттерге сынақ алдындағы бойындағы стресстік қалыптан арылу, сенімді мінез-құлық дамыту, психологиялық қысымнан арылу мақсатында «Емтиханға даярлық кезінде стресстен қалай құтылуға болады?» атты тренинг ұйымдастырып өткізді. Тренинг барысында студенттер «Кедергілерді жеңу», «Аутотренинг формуласы», «Биопоэма стратегиясы», «Поезд жаттығуы» т.б жаттығуларды жасай отырып, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.

«Сергелдең»

06.06.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 1апКИНФ-11 тобының топ жетекшісі С.Мусагалиева, әлеуметтік педагог А.Мухсинова және 1апКИНФ-11 тобының студенттері, студенттер үйінің студенттері Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің «Діни ахуалды тұрақтандыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру шараларын өткізу» жобасы аясында ұйымдастырылған жасөспірімдердің жат ағымдарға иммунитетін қалыптастыру және қазіргі таңдағы өзекті мәселелер – терроризм мен діни экстремизмді алдын-алу мақсатында Ю.А.Гагарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кинотеатрында «Сергелдең» кинофильмін тамашалады.

Жұмыссыздық мәселесі бойынша қала тұрғындарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстар жүргізілді

06.06.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Ынтымақ» волонтерлар клубының белсенділері Орал қаласы әкімдігінің бастамасымен жұмыссыздық мәселесі бойынша қала тұрғындарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстар жүргізілуіне белсене атсалысты. Студенттер мамандармен бірге «Мирлан» орталық базарының алдында қала тұрғындарына кітапшалар таратып, ақпарат берді.

«Жасыл ел» маусымының ашылу салтанаты

5-маусым күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің әлеуметтік педагогы А.Мухсинова және колледждің белсенді жастары БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Қалалық мәдениет және демалыс саябағында, БҚО «Жасыл ел» еңбек жасақтарының ХV еңбек маусымының ашылу салтанатына қатысты. Шара барысында студенттер «Жасыл Ел» еңбек жасағының белсенді қатысушы студенттері марапатталып, арнайы сертификаттар табыс етілді.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 221

Кеше 196

Осы аптада 221

Осы айда 5534

Барлығы 244616

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска