10 қыркүйек күні 1 курс студенттеріне кітапханаларды таныстыру мақсатында Ж.Молдагалиев атындағы БҚО әмбебап ғылыми кітапхананың апталығына қатысты.
10 қыркүйек күні 1 курс студенттеріне кітапханаларды таныстыру мақсатында Ж.Молдагалиев атындағы БҚО әмбебап ғылыми кітапхананың апталығына қатысты.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға "Құрмет" орденінің және халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Бақтыгереева Ақұштап Бақтыгерейқызы, колледжіміздің "Ұрпақтар сабақтастығы" клубының төрағасы, белгілі өлкетанушы-ғалым Жайсаң Ақбай ағамыз, педагогикалық еңбек ардагерлері Цымбал Надежда Николаевна, Белоконь Лидия Ивановна, Губашева Балғаным Салауатовна, Нугманов Максим Капаевич, Сулейменов Мақсот Насикенұлы және Батыс Қазақстан облыстық Білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Мұстафин Асан Абайұлы қатысып, ұстаздар мен шәкірттерді білім күнімен құттықтады.
05.09.2019 жылы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова «Уытқұмарлықтың зардаптары және оның алдын-алу» тақырыбында жасөспірімдер арасында жүйке жүйесіне кері әсер ететін құралдарды пайдаланудың зардаптары және олармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстар жөнінде 1 курс студенттеріне түсіндірме жұмысын жүргізді.
2019 жылдың 2-7 қыркүйек аралығында колледж оқытушылары жаңартылған білім мазмұны бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтіп жатыр.
Курс бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығымен құрастырылып, отандық және шетелдік тәжірибелерді қамтыған.
Білім алушылардың бойында қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу деңгейі мен сапасын өлшеп көрсету өте күрделі. Адамгершілік қасиеттерді сақтай отырып, басқа адамдарға психологиялық қысым көрсетпей оң бағытта қарым-қатынаста болғанда ғана, қарым-қатынас мәдениетін сақталғанын көруімізге болады.
03.09.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу, колледждің ішкі тәртіп ережелері, сонымен қатар зиянды заттардың адам өміріне тигізетін зардабы мақсатында «Құқық бұзушылықтың алдын-алу» туралы баяндай келе, студенттер арасында жағымды көңіл-күй қалыптастыру бағытында тренинг ұйымдастырды.
Колледжімізде 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап эксперимент режимінде «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша аталмыш жоба іске қосылды.Білім алушылар жаңартылған білім беру мазмұнын меңгеруде Назарбаев Зияткерлік мектептері, сондай-ақ Финляндия, Англия және АҚШ тәжірибесі негізінде жасақталған эксперименталды оқу бағдарламасы бойынша оқиды. Басты мақсат – болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлық деңгейін көтеру.
3 сентября 2019 г. студенты специальности «Начальное образование» и «Учитель русского языка» Высшего педагогического колледжа им.Ж.Досмухамедова посетили АОО «Назарбаев интеллектуальные школы» в г.Уральске. Преподаватели и ученики НИШ встретили студентов во дворе, проведя традиционную для этой школы ритмическую разминку. Далее была организована экскурсия по зданию школы. Студенты посетили учебные аудитории по физике, химии, биологии, где им были показаны опыты, проводимые с помощью современного оборудования; библиотеку НИШ, информационный центр, спортивный зал, оранжерею.
02.09.2019 күні колледж акт залында жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаты» өткізілді. Адалдық сағатына БҚО сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаментінің аға офицері Ихсанғалиев Нұржан Мержанұлы қатысып ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы дайындаған слайдымен таныстырды. Кездесу барысында арнайы қонақ тарапынан білім алушыларға әрдайым адал, парасатты, әділ болуға шақырды және қазақ халқының әр заманда өмір сүрген ойшылдары мен ғұламаларының адалдық, адамгершіліқ, кішіпейілділік жөніндегі сөздеріне мысал келтірді.