«Бізге алғыс айтуға себеп бар» атты мерекелік концерт

Алғыс айту күні-бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық  пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған тұңғыш Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының  салтанатты күні. Осыған орай  студенттер үйінде студенттік кеңестің ұйымдастыруымен «Бізге алғыс айтуға себеп бар» атты мерекелік концерт өтті.

Қаратөбе аудандық мектептерінің 9,11 - сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында онлайн кездесу өткізілді

Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 24 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қаратөбе аудандық мектептерінің 9,11 - сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ОЗДЫРЫЛДЫ

2022 жылғы 22 ақпан күні БҚО Білім беруді дамыту орталығымен бірге облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін "PISA халықаралық зерттеулерін жүргізу шеңберінде оқушылардың функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту" тақырыбында облыстық семинарын өткіздік.

"Жарқын елдің болашағы-жас маман" тақырыбында биылғы бітіретін топ студенттерімен тренинг

17.02.22. күні студенттер үйінде тәрбиеші А. Т. Нугманованың ұйымдастыруымен "Жарқын елдің болашағы-жас маман" тақырыбында биылғы бітіретін топ студенттерімен тренинг өткізілді. Болашақ жас мамандардың яғни, болашақ ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеру, кәсіби жанудың алдын алу, болашақ жас мамандарға алдағы жұмыс барысындағы өздерін ұстау мәдениеттеріне кеңестер беріп, бағыт-бағдар көрсету. Ең бастысы өздерін нағыз ұстаз ретінде ұстап, ұстаз деген ұлы ұғымды абыроймен алып жүруге көмектесу, өздеріне құрметпен қарауды үйретіп, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.

Проведена видеоконференция на платформе ZOOM по профориентации для учащихся школ района Байтерек

Человек приходит в мир без знаний, навыков и опыта. Его способности запрятаны далеко. К окружающей среде он не приспособлен. Ему требуется объяснять суть вещей. И в зависимости от того, кто откроет ребенку мир познания, он станет профессионалом в своем деле или серой посредственностью.

«Педагог мамандық - мәңгілік жастық кәсібі» тақырыбында педагогикалық сыныптармен онлайн мотивациялық дәріс сағаты өтті

16 ақпан күні Жаһанша атындағы педагогикалық колледжінің практика бөлімінің ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі сыныптарға арналған «Педагог мамандық- мәңгілік жастық кәсібі» тақырыбында педагогикалық сыныптармен онлайн мотивациялық дәріс сағаты өтті. Шараға Казталов ауданы мектеп-лицейі, Бәйтерек ауданы Қ.Аманжолов атындағы ЖОББМ, Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Сырым ауданы, Бұлдырты ЖОББМ, Ақсай қаласы №1, Теректі ауданы, Федоровка  ЖОББ мектептерінің педагогикалық сынып тыңдаушылары мен жетекшілері  қатысты.

«Сабақ мақсатына жетудің тиімді жолдары» тақырыбындағы шеберлік сағаты

2022 жылғы оқу өндірістік жұмыс жоспарына сәйкес ақпан айының 11 күні «Тәжірибелі әдіскерлер мектебі» жұмысының аясында сабақты жоспарлауға байланысты «Сабақ мақсатына жетудің тиімді жолдары» тақырыбындағы шеберлік сағатын №19 ЖОББ мектебінің педагог зерттеушісі Нұрғали Гүлжазира Ергенбайқызы жүргізді. Шараға жас мамандар мен екінші курс топ студенттері қатынасып, берілген тапсырмалар бойынша сыни тұрғыдан ойлау, диалогтық оқыту, SMART бағдарламасы, блум таксономиясы, жаңартылған білім берудегі әдістерді тиімді қолдана білуді қызыға орындап, тренермен ой бөлісті. Сабақты мақсатына жеткізуде түрлі тәсілдерді қолдану ерекшеліктерін талқылады.

«Білімді ұрпақ- жарқын болашақ» атты дөңгелек  үстел өткізілді

10.02. 2022 ж күні студенттер үйінде «Білімді ұрпақ- жарқын болашақ» атты дөңгелек  үстел өткізілді.

Мақсаты: Болашағының жарқын болып, ойлаған арманын іске асырып, алдына тың жоспар қоя білген әр жас маман буынға бабалардан  қалған ұлағатты сөздерді түсіндіре отырып, содан үлгі алуға баулу, еліміздің болашағын жан-жақты ойлай білетін,қоғамды ары қарай дамытатын болашақ иелері болу үшін сапалы білім керек екендігін ұғындырып түсіндіру, студенттердің ой – өрісін дамыту, танымдық қабілеттерін арттыру, студенттерді сауаттылыққа, ұқыптылыққа баулу.

ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмысы

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2021-2022 оқу жылындағы кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес 01 ақпан күні Ақжайық ауданының №1 ЖОББМ, М.Әуезов атындағы, Мерген, Алмалы ЖОББ мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 19

Вчера 203

На этой неделе 1342

В этом месяце 4994

Всего 244076

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска