16 ақпан күні Жаһанша атындағы педагогикалық колледжінің практика бөлімінің ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі сыныптарға арналған «Педагог мамандық- мәңгілік жастық кәсібі» тақырыбында педагогикалық сыныптармен онлайн мотивациялық дәріс сағаты өтті. Шараға Казталов ауданы мектеп-лицейі, Бәйтерек ауданы Қ.Аманжолов атындағы ЖОББМ, Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Сырым ауданы, Бұлдырты ЖОББМ, Ақсай қаласы №1, Теректі ауданы, Федоровка ЖОББ мектептерінің педагогикалық сынып тыңдаушылары мен жетекшілері қатысты.
Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары М.С.Мұқашев педагогикалық сынып тыңдаушыларына шараның мақсаты кәсіби бағдар беру, педагогикалық мамандық құндылықтары туралы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған айтып, бағдарламасы бойынша педагогика, психология кафедрасының оқытушылары Л.С.Есенова, Р.М.Ғалымовалар сөз алды.
Оқытушы Р.М.Ғалымова «Кәсіби жолды жоспарлау» тақырыбында тыңдаушылырдың мамандық таңдауда үнемі кездесетін «Кім боламын?», «Олардың ішінен өзіме қажеттісін қалай таңдаймын?», «Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады?» сұрақтарына жауап ретінде мамандық таңдаудың формуласын ұсынды. Сонымен қатар, мұғалім мамандығының өзіндік ерекшеліктерін атап, диалогтық алаң құрды. Оқытушы тыңдаушылармен «Мен 10 жылдан кейін және менің досым 10 жылдан кейін», «Кәсіптер тізбесі», «Өмір күні» жаттығуларын жүргізіп, мұғалім мамандығының басқа мамандықпен байланысын, мұғалім мамандығына деген әсерлерін топтық, жұптық жұмыс арқылы ашып, мұғалім мамандығы кәсібінің маңыздылығын суреттеп, сипаттады.
Оқытушы Л.С.Есенова «Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәні» тақырыбында мұғалімнің қоғамдағы рөлін сипаттап, заманауи мұғалімнің типтерін талдатты. Мұғалімге қойылатын қоғамдағы талаптар мен 4К моделі бойынша ой алмасты. «Өз жолын табуға көмектесу» сызбасы бойынша жұмыс жүргізіп, ізденістен өсуге талпыныс жасаудың қажеттілігі маңызды екендігіне тоқталды.
Педагогикалық сынып тыңдаушылары жүргізілген жұмыс барысында белсенділікпен жауап беріп, педагогикалық мамандыққа деген дайындықтарын байқатты.
Шара соңында Google forms арқылы «Мен бүгін мынаны білдім», «Мен үшін қызықты болды», «Мынаны білгенім қызғылықты болды», «Мені таң қалдырды» т.б. жауаптары бойынша кері байланыс жүргізіліп, жауаптары ортаға салынды. Педагогикалық сынып тыңдаушылары үшін мамандық таңдау формуласының қажеттілігі, өзінің мамандығын елестетуі, қоғамға сай педагог портретін құра алғандарын кері байланыста айтып, шараның қызықты, әсерлі, мағыналы өткенін бағалап, ризашылықтарын білдірді.