10.02. 2022 ж күні студенттер үйінде «Білімді ұрпақ- жарқын болашақ» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Болашағының жарқын болып, ойлаған арманын іске асырып, алдына тың жоспар қоя білген әр жас маман буынға бабалардан қалған ұлағатты сөздерді түсіндіре отырып, содан үлгі алуға баулу, еліміздің болашағын жан-жақты ойлай білетін,қоғамды ары қарай дамытатын болашақ иелері болу үшін сапалы білім керек екендігін ұғындырып түсіндіру, студенттердің ой – өрісін дамыту, танымдық қабілеттерін арттыру, студенттерді сауаттылыққа, ұқыптылыққа баулу.
Білім-сенің болашағың, білім-өмір шырағың, олай болса, болашақта үнемі жарықта жүру үшін білім керек. Білім-сенің серігің, өмірлік жолдасың. Білім- сенің болашағың.
Өткізген тәрбиешісі: Н.Д.Байтакова