Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 8 сәуір күні қоғамдық пәндер және жаратылыстану кафедрасы Тасқала аудандық мектептерінің 9,11 - сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді. Кафедра оқытушысы Дюсенгалиев Мереке Камелович "педагог" мамандығының қоғамдағы маңызы мен мәртебесін айта отырып педагог мамандарды даярлауға ғасырдан аса уақыт бойы қызмет етіп келетін колледжіміздің тарихы туралы баяндады.