31 қазан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары колледжінің практика бөлімінің ұйымдастыруымен  оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында,  Байтерек ауданы Новенький ЖОББ мектебінің кәсіби бағдар беру педагогы Есетова Мөлдір Күншуаққызының басшылығымен келген 22 оқушыға экскурссия жүргізіліп, колледждің рухани мұра, өнер шығармашылық көрмесі, гимнастика залы таныстырылып, «Бастауыш білім беру» мамандығының Жаратылыстану STEAM кабинетінде студенттердің оқу құралдарын сабақта қолдану әдістерін оқытушы Сүйінғалиева Г.Қ назарға ұсынды.

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Бастауыш білім беру» және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтарының соңғы курс студенттері  өздерінің тұрғылықты мекен-жайлары бойынша  «Баланың мектептегі алғашқы күндері» практикасынан өтуде. Практика барысында машықкерлер бастауыш сынып мұғалімдеріне көмектесіп, оқушылардың мектепке дайындық деңгейін зерттеп, олардың мектепке тез бейімделуіне жағдай жасауда.

Ақпан айының 21-і колледжімізде «Мамандық таңдау-ертеңіңді ойлау» тақырыбында қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен кәсіби бағдар беру бағыты бойынша қаламыздың №19,20,22,37,44 мектептерінің 9-11 сынып оқушылары мен жетекші ұстаздарына 2020-2021 оқу жылындағы қабылданатын мамандықтар туралы мағлұмат берілді. Шараға 79 оқушы, мектеп мұғалімдері және колледж оқытушылары қатысты.

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 7 ақпан күні «Кешегі түлек-бүгінгі кәсіби маман» тақырыбында түлектер форумы өтті. Форумға қалада, аудандарда, ауылдық жерлерде қызмет етіп жатқан кәсіби мамандар жиналды. Форумға 65 түлек қатысты. Түлектерге алдымен колледж №6«Рухани мұра », №3 «Қазақ жазуының тарихы мен латын әліпбиі емілесін оқыту әдістемесі», №34 Лингафон, №37 «Мектепке дейінгі білім берудің жеке әдістемесі», № 27 «STEM» кабинеттері таныстырылды.

29 қазан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Облыс мектептеріндегі педагогикалық кластарға арналған әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты - педкласс тыңдаушыларын колледждің оқу және техникалық базасымен таныстырып, түрлі шеберлік сыныптар, студенттердің жобалық, шығармашылық жұмыстары арқылы өздерінің оқу іс-әрекеттеріне мотивация беру, педагогикалық сыныптардың мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету. Семинарға Ақсай қаласындағы №1 ЖОББМ, Бәйтерек ауданынан Қ.Аманжолов атындағы , Шыңғырлау ауданынан, Тасқала ауданынан С.Жақсығұлов атындағы , Теректі ауданынан Федоров, қаламыздағы №1, 3 ЖОББ мектептен барлығы 76 оқушы және 9 мұғалім қатысты.

Педагог мамандығын кең көлемде насихаттауға және педагогикалық бейіндегі колледждер мен ЖОО-да білімін беретін мектеп оқушыларының үздіксіз мамандандырылған дайындық жүйесін құру мақсатында Ақсай қаласы №1 мектеп жанында педагогикалық сыныптар ашу. Педагогикалық бағыттағы бейінді сыныптарды ашудағы мақсат ЖОББМ түлектеріннің арасынан мұғалім мамандығына қызығушылық танытқан талапкерлерді іріктеу. Олардың педагогикалық оқу орындарында білімін жалғастыруға бағытталған үздіксіз мамандандырылған дайындық жүйесін жасау. Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің басшысы О.Т.Тулемисов педагогикалық сынып туралы ереже, бағдарламаларымен танысып, 26 сәуір күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі мен Бөрлі ауданының білім беру бөлімі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

26 сәуір күні колледж ішінде құрылған десант мүшелері Бөрлі аудандық білім беру мекемелеріндегі оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Десант мүшелері мектеп оқушыларына колледжде оқытылатын мамандықтардың ерекшеліктерін түсіндіріп, технология мамандығы өз қолөнерлерін, яғни студенттердің жұмыстарынан көрмелерін музыка мамандығы концерттік бағдарлама көрсетіп, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш білім беру, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттеріде өз шығармашылықтарымен бөлісіп, ойын, тренингтер, жүргізді. Шара соңында барлығы оқушылар ризашылықтарын білдірді.

18.04.2019 ж күні колледжде 2018-2019 оқу жылы бітіретін түлектерді жұмысқа бөлу шарасы өтті. Жалпы бітіруші түлектер саны-409. Шараға 12-аудандық білім беру бөлім басшылары және Атырау қалалық білім беру басшылары қатысты. Түлектерді жұмысқа бөлу шарасын оқу-өңдірістік жұмысы жөніңдегі орынбасары М.С.Мұқашев ашып, бітіруші түлектер әлеуметтік серіктестермен бірге жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша семинарлар, шеберлік кластар, тәжірибелі мектеп мұғалімдерімен кездесулер ұйымдастырылғандығын. Түлектер теориялық білімдерін практикамен ұштастыру мақсатында оқу бағдарламасына сәйкес бірнеше байқау, сыныптан тыс тәрбие жұмысы технологиясы, дипломалдындағы практикаларынан өтіп, жаңартылған білім мазмұнына сәйкес кәсіби тәжірибе жинақтағандығы туралы айтылды.

19 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясының төрағасы Ахметбаев Асхат Сайынұлы, Филология кафедрасының оқытушысы п.ғ.к. Ниязғалиева А.А., университет психологы, бөлім лаборанты келіп, колледждің 2018 жылғы бітіруші түлектермен кездесу шарасы өтті. Шара барысында 2018-2019 оқу жылының қабылдау ережелерімен таныстырып, ондағы ережелер, мүмкін болатын қателіктер, тапсырмаларға берілетін жауаптардың бағалану ерекшеліктері туралы ақпараттармен толық айтты. Университет психологы педагогикалық жағдаяттарға шешуге байланысты тренинг өткізді. Колледж түлегі п.ғ.к. Ниязғалиева А.А студенттерге оқу барысындағы жасалынатын жеңілдіктер, әлеуметтік жағдайлар, атаулы степендиялар, университеттің кітапхана қорлары туралы баяндады.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде Батыс Қазақстан облысының мектеп әкімшіліктерімен келісе отырып жыл бойы жүргізілді. Бұл жұмысқа Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» және облыстық, қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері тартылады. Биылғы жылы қаңтар,ақпан, наурыз айларында «ашық есік күні» айлығы ұйымдастырылды. Шараға қаланың № 1,2,5,6,8,10,12,22,42,47,46,30,19,17,45,44,34,21,23,16 ЖОББ мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 84

Вчера 221

На этой неделе 563

В этом месяце 2096

Всего 247932

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска