«Педагог мамандық-мәңгі жастықтың кәсібі» педагогикалық сыныптар оқушылармен онлайн көпір

25.12.2020 күні ZOOM платформасында практика бөлімі облыс мектептеріндегі педагогикалық сыныптарға арналған әдістемелік онлайн семинарын ұйымдастырды. Тақырыбы: «Педагог мамандық-мәңгі жастықтың кәсібі» педагогикалық сыныптар оқушылармен онлайн көпір.

«Жақсылық-жан азығы» тақырыбында тренинг

22 желтоқсан күні Студенттер үйінде тәрбиеші Г.Шахаева  «Жақсылық-жан азығы» тақырыбында тренинг өткізді.

Мақсаты: Студенттердің арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге шақыру, ой-өрісін дамыту. Адам қарым-қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру. Студенттер арасында жақсылық пен жамандықты ажырату сезімдерін дамытуға ықпал ету.

«Абай жолы-халық жолы» интелектуалды ойыны

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған онкүндігін 15 желтоқсан күні «Абай жолы-халық жолы» интелектуалды ойынымен қорытындылады. Еліміздегі «Бір ел-бір кітап» акциясына үн қосып,   М.Әуезовтың қазақты әлемге танытқан туындысы «Абай жолы» роман-эпопеясын  оқып, одан алған парасат-пайымын ортаға салу арқылы білім сайысын ұйымдастыруды мақсат тұтқан шараға «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 тобы қатысты. 

«ТӘУЕЛСІЗДІК - ТҰМАРЫМ»

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі «Алаш идеясы және ХХІ ғасыр жастары» тақырыбында республикалық ІІІ «Жаһанша оқулары» ғылыми-практикалық онлайн конференциясы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК - ТҰМАРЫМ» тақырыбында студенттер арасында  қашықтан шығармашылық байқау өткізді.Мақсаты: «ТӘУЕЛСІЗДІК - ТҰМАРЫМ» тақырыбында колледж білім алушыларының өз халқының тарихын, әдебиетін,  тілін қадір- қасиетін Алаш арыстарының ұстанымдары негізінде түсініп, Тәуелсіздіктің мәнін жас ұрпақтың қаншалықты саралайтындығын студенттердің шығармашылық  жұмыстары арқылы байқау.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз ел-Жаһанша жастары» атты колледжішілік шығармашыл студенттер байқауы

Музыка кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз ел-Жаһанша жастары» атты колледжішілік шығармашыл студенттік байқауы өтті.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ағымдағы жылдың 15-ші желтоқсан күні «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж ұжымы және мекеме басшысы Бахишева Светлана Меңдіғалиқызы колледж қызметкерлерін мерейлі жасымен құттықтап, кәсіподақ комитетінің арнайы құттықтау хатын табыстады.

Виртуальная конференция College Mun Conference

11 декабря 2020 года, прошла виртуальная конференция College Mun Conference в рамках декады английского языка. Темой конференции была “COVID-19”, конференция прошла в формате MUN конференции.

Студенты защищали свои утверждения о COVID-19 и обсуждали  проблем пандемии на английском языке.

“Тәуелсіздік деп соғады жүрегім!” атты мерекелік кеш

14 - желтоқсан күні Студенттер үйінде, тәрбиешілердің ұйымдастыруымен 16-желтоқсан Еліміздің Тәуелсіздігіне арналған “Тәуелсіздік деп соғады жүрегім!” атты мерекелік кеш өтті. Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қолжеткізу жолына талай боздақтармыздың жалған айыппен құрбан болғандарын көрермендерге жеке ұғындыру, студенттердің дүние танымын кеңейту. Мерекелік кеште тұрғандар патриоттық әндер, патриоттық флешмоб, жеке шығармашылық өлеңдерін арнады.

«Туған  жер тұтастығы  мен  ел болашағы»тақырыбында дөңгелек үстел

Бүгін студенттер үйінде тәрбиеші Н.Байтақова «Туған жер тұтастығы мен ел болашағы»тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Мақсаты: Студенттердің білімдерін тереңдету. Туған өлке туралы мәлімет беру, жинақталған білімдерін пайдалана отырып,сөздік қорларын толықтыру,ауызекі тілде еркін жеткізіуін қалыптастыру. Басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, туған жеріне,еліне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 166

Вчера 190

На этой неделе 166

В этом месяце 9827

Всего 187346

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска