Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2021-2022 оқу жылындағы кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес 01 ақпан күні Ақжайық ауданының №1 ЖОББМ, М.Әуезов атындағы, Мерген, Алмалы ЖОББ мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.
Бұл шара жоспарында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» «Педагогика және психология» кафедрасының жетекшісі А.Б. Сарсенгалиева педагог мамандығының мәртебесі жөнінде алғы сөз сөйлеп, колледж базасына бейне экскурсия жүргізді. Одан әрі талапкерлерге арналған Zhahansha book ақпараттық нұсқаулығымен таныстырды. Л.С. Есенова колледжде дайындалатын мамандықтармен, оған түсу үшін тапсыратын емтихан түрлерімен таныстырып, талапкер тапсыратын құжаттар туралы ақпарат берді. Мектеп оқушылары өз ойларын, сұрақтарын чатқа жазып, оған жауап алды.
Кәсібей бағдар жұмысына Алмалы-25, Мерген-36, М.Әуезов атындағы ЖОББМ -55, Абай атындағы мектеп-гимназиясынан-15 оқушы қатынасып ақпарат алды.