Көп жағдайда білім мен ғылымды ажыратпаймыз, бұл екеуін бір деп қараймыз. Әрине бұл екеуі бір-біріне өте жақын, дүниетаным нәтижесі. Бірақ, бір емес. Біріншіден, ғылым білімнен кейін дүниеге келді. Білім таным арқылы ғылымға ұласады.
Ғылым табиғатқа екпінді араласады, оның даму барысында әсер етеді, объектіні өзгертеді, жаңалық ендіреді. Ғылым – шығармашылық. Білім танымнан басталады, таныммен шектелетін болса, ғылым танымнан басталып объектінің ішкі құрылымын ұдайы қарастырып, жаңалық ашады. Бұл мәңгі процесс, ілгеріге ұмтылыс.
Сонымен білім үйренуге, есте сақтауға негізделген болса, ғылым байқаудан, таңданудан басталып, тәжірибе жасауға шығармашылыққа негізделген. Әл-Фараби: «Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззәт іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек» деп аманаттайды.
Осы қанатты сөздерді негізге алып Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика университетінің профессоры Саудабаева Гульмира Сауытжанқызымен колледж магистрларлары Zoom форматында кездесіп, өздерінің ғылыми бағытталу жолындағы сұрақтарына жауап алды. Көп жағдайда өнер, шығармашылық бағыттағы тұлғалармен кездесу болып жатады. Осы кездесуде өзімізде көптеген ақпараттармен танысып, серпіліс алғандаймыз. Ұсынысымызды қабыл алып, бізге уақыт арнаған педагогикалық жолдағы әріптес Саудабаева Гульмира Сауытжанқызына алғыс айтамыз.«Білмегенді сұрап үйренген – ғалым, арланып сұрамаған – өзіне залым» дегенді ескеруді кезінде Әлішер Науаи айтып кеткендей, білмегенді сұрап, кәсіби бағыттағы кеңестер алу ағаттық емес екені анық. "Ғылым білімге қонады, ғылымсыз білім тым құрғақ...