Алғыс айту – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзімде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Алғыс айту – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзімде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
2019 жыл «Жастар жылы» болып жариялануына орай колледжіміздің ең үздіктерін анықтау мақсатында колледжішілік «Жаһанша ART-FEST 2019» байқауы жоспарланған болатын. Колледжіміздің талантты, шығармашыл, өнерлі студенттері өздерінің бақтарын сынамақшы...
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қастамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады.
27.02.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 1сКШК тобына қоғамымыздың дертіне айналған әлеуметтік желілердің адам өмірінде тигізетін зияны мен пайдасы туралы әлеуметтік педагог А.Мухсинова «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» атты тақырыпта тәрбие сағатын ұйымдастырып өткізді.
26.02.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 1пКШИ, 1пКШО, 1аКДО, 1аКШИ, 1пкКШО, 2пКШО топтарына әлеуметтік педагог А.Мухсинова «Терроризмнің алдын-алу» бағытында түсіндіру жұмысын жүргізді.
23 ақпан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжде Жастар жылына арналған «Қазіргі мектеп-жүрегі, Сенсің - колледж түлегі!» тақырыбында түлектермен кездесу өтті. Кездесуімізге облыстық, қалалық, аудандық мекемелерде қызмет жасап жүрген түлектеріміз қатысты. Кездесу бағдарламасы бойынша түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жеттіп, білім саласының беделінің артуына өзіндік үлестерін қосып жүрген түлектеріміз Л.Дюсенбаева, Э.Айдыналиева, Ж.Хамза, Б.Елекешов, Г.Дюсенгалиева, Ү.Орынғалиев, А.Қайырғалиевтар жетістіктерімен бөлісіп, сөз сөйледі.
«Қазіргі мектеп – жүрегі, Сенсің-колледж түлегі» тақырыбында 23 ақпанда өткен колледж түлектерімен кездесуде, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» кафедрасы «Кешегі-студент, бүгінгі-маман» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
22.02.2018 күні 1-2 курс ер балаларымен құқық қорғау органдары және денсаулық сақтау саласы мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты колледж студенттері арасында әртүрлі құқықбұзушылық пен зиянды заттардың пайдаланудың алдын алу.
Қаламызда «Қайырымдылық» шарасы әлі де жалғасуда. Соның бірі көрінісі – Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің қайырымдылыққа жаны құштар студенттері 22.02.2019 күні өңіріміздің Ұлы Отан соғысының ардагері Гумаров Ғалымжан атамыздың үйінің ауласындағы және шатырында жиналған қар мен мұздықтарды түсіру жұмыстарын жүргізді. Белсенді жастардан алған осынау игілікті іс алдағы уақытта да жастар тарапынан қолдау табатынына сеніміміз мол!