22.02.2018 күні 1-2 курс ер балаларымен құқық қорғау органдары және денсаулық сақтау саласы мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты колледж студенттері арасында әртүрлі құқықбұзушылық пен зиянды заттардың пайдаланудың алдын алу.
Кездесу барысында облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог-дәрігері Ғабдырахов Аймырза Омарұлы шылым шегу мен ішімдіктің және қазіргі таңда жасөспірімдер арасында кең тарап отырған трамадол, трамал т.б дәріханалық есіртілердің адам ағзасына зияны мен салдары жөнінде жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізссе учаскелік полиция инспекторы Қадыров Нұрбек Аманжолұлы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық оқиғалардың болу себептерін, олардың түрлерін және олармен күрес барысын егжей-тегжей әңгімелей келе колледж студенттерін құқықбұзушылық әрекетін жасамауға, құқықбұзушылық әрекеті орын алған жағдайда әрқашан құқық қорғау органдарымен бірлесе әрекет етуге шақырды.