21 қаңтар күні «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Бір кітап- бір колледж» акциясы бойынша пән оқытушылары Б.Б. Құрманғалиева және А.С. Құраубайдың дайындауымен 1а КШО-9 бен 1а КДО-9 топтары арасында қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» немесе «Ғасырдан да ұзақ күн» шығармасы бойынша кітап оқу челенджі жалғасын тапты.
22 ақпан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі 1сКШО-9 тобында «Сен және Заң» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
21 ақпан күні «Педагогика және психология» кафедрасының «Сіз үшін 24/7 психологиялық көмек» жобасы аясында 1аКШИ-9 топ студенттеріне қарым-қатынас үдерісінің маңыздылығын түсіндіру, кері байланысқа түсуде ақпараттардың түрленуі және топтағы қарым-қатынасты жақсарту, өз-өзіне деген сенімін арттыру мақсатында оқытушы Р.М.Ғалымова тренинг өткізді.
21 ақпан күні 3а КШО-9 тобында колледж мед бикесі Джумагалиева Айнагуль Сериккалиевнамен «Қызылшаның алдын алу» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
21.02.2024ж. технология кафедрасының оқытушысы Л.А. Жайманова «Заманауи қолданбалы материалдарды пайдаланып ұлттық киімді дайындау» тақырыбында 3асКШТ-9 топ студенттерімен шеберлік сағатын өткізді.
20 ақпан күні "Студенттердің ғылыми қоғамының" мүшелері «М.Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығын талдау» тақырыбында отырыс өткізді. Отырыста СҒҚ мүшелері оқулықтың мазмұнына сай өз презентацияларын даярлап, қазіргі педагогика мен психологиядағы ұғымдармен салыстырып, өз ойларымен бөлісті.
2023-2024 оқу жылының басынан Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж жанындағы студенттер үйінде «Оймақ» үйірмесі өз жұмысын бастады.
Бүгін Жаһанша колледжінде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының ұйымдастыруымен «АУҒАН АҚИҚАТЫ» атты кездесу кеші өткізілді. Оған студенттер мен ұстаздар және қонақтар қатысты. Шараның мақсаты - биыл Ауған соғысының аяқталғанына 35 жыл толуына арналып отыр.