21 ақпан күні 3а КШО-9 тобында колледж мед бикесі Джумагалиева Айнагуль Сериккалиевнамен «Қызылшаның алдын алу» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: Қызылша ауруының пайда болуы, таралу жолдары мен аурудың алғашқы белгілері, сақтану жолдары туралы түсінік беру. Жеке бас тазалығына сақтауға баулу.
Қызылша-әуеде тамшылау жолымен жұғатын өте жұқпалы инфекция. Қызылшамен ауру, әсіресе балалар арасында пневмония, жалған қыспаққа, стоматит сияқты асқынулары алып келеді. Ересек адамдарда менингиттің, полиневриттің дамуы мүмкін.
Қызылшамен аурғаннан кейін өмір бойынша имунитет сақталады. Инфекция жөтелгенде, түшкіргенде, әдеттегі сөйлесу кезінде жұғатыны айтылды. Студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.