2021 жылдың 5-10 ақпанында колледж жатақханасының меңгерушісі Б.Жумагазиева және жатақхана тәрбиешілері Е.Наурызбай, А.Тлегенова, Н.Байтақова, Г.Шахаева бірлесе отырып ZOOM платформасында ата-аналар жиналысы өткізілді.
2021 жылдың 5-10 ақпанында колледж жатақханасының меңгерушісі Б.Жумагазиева және жатақхана тәрбиешілері Е.Наурызбай, А.Тлегенова, Н.Байтақова, Г.Шахаева бірлесе отырып ZOOM платформасында ата-аналар жиналысы өткізілді.
09.02.2021 күні студенттер үйінде тәрбиеші Г.Шахаева «Мейірімді болса жүрек-орындалар тілек» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Мақсаты: Студенттердің «мейірімділік» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, жігерлендіріп көңіл-күйлерін көтеру.
Zhahansha_life бағдарламасының «StoriesTime» онлайн шарасы өтті.
Тақырып: «Әлеуметтік желі» туралы.
19.01.2021ж күні Студенттер үйінде тәрбиеші Е.Наурызбай ұйымдастыруымен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж туралы ақпарат беру мақсатында «Мен өз оқу орным туралы не білемін?» тақырыбында ашық микрофон өтті. Тұрғындар ізденіп колледж жайында ақпарат жинап, оқу орнымызды таңдауға не себеп болғанын және таңдаған мамандықтары жайында презентацияларын көрсетіп, ақпараттар алды.
«Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2020-2021 оқу жылында «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №218 бұйрығы негізінде және "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес мемлекеттік тапсырыс негізіндегі бюджеттегі бос орындарға төмендегі кестеде көрсетілген мамандықтарға сәйкес хабарлайды:
Колледжімізде штаттық режимде білім алуды бастаған 1 курс студенттеріне "Білім ордасына қош келдің!" атты экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында студенттер оқу кабинеттері, кітапхана, "Рухани мұра" кабинеті, студенттердің демалыс алаңы, ақын А.Бақтыгереевамен А.Таубаеваның, педагог-ғалым Ш.Құрманалинаның дəрісханаларымен танысты.
25.12.2020 күні ZOOM платформасында практика бөлімі облыс мектептеріндегі педагогикалық сыныптарға арналған әдістемелік онлайн семинарын ұйымдастырды. Тақырыбы: «Педагог мамандық-мәңгі жастықтың кәсібі» педагогикалық сыныптар оқушылармен онлайн көпір.
22 желтоқсан күні Студенттер үйінде тәрбиеші Г.Шахаева «Жақсылық-жан азығы» тақырыбында тренинг өткізді.
Мақсаты: Студенттердің арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге шақыру, ой-өрісін дамыту. Адам қарым-қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру. Студенттер арасында жақсылық пен жамандықты ажырату сезімдерін дамытуға ықпал ету.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған онкүндігін 15 желтоқсан күні «Абай жолы-халық жолы» интелектуалды ойынымен қорытындылады. Еліміздегі «Бір ел-бір кітап» акциясына үн қосып, М.Әуезовтың қазақты әлемге танытқан туындысы «Абай жолы» роман-эпопеясын оқып, одан алған парасат-пайымын ортаға салу арқылы білім сайысын ұйымдастыруды мақсат тұтқан шараға «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 тобы қатысты.