25.12.2020 күні ZOOM платформасында практика бөлімі облыс мектептеріндегі педагогикалық сыныптарға арналған әдістемелік онлайн семинарын ұйымдастырды. Тақырыбы: «Педагог мамандық-мәңгі жастықтың кәсібі» педагогикалық сыныптар оқушылармен онлайн көпір.
Семинардың мақсаты:
- Педагогикалық сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру;
- Оқушыларға педагогикалық мамандықтардың мәртебесін насихаттау;
- Колледж базасында мамандар дайындауға жасалынған жағдайлар мен мүмкіндіктер туралы ақпарат беру;
- Педагогикалық сынып оқушыларының педагогикалық мамандықтардың құндылықтары туралы көзқарастарын қалыптастыру.
Директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары М.С.МұқашевБҚО мектептеріндегі педагогикалық сыныптар жұмыстарының мақсатты ұйымдастырылуы жөнінде сөз сөйлеп,2019-2020 оқу жылындағы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің педагогикалық сыныптармен бірлесіп атқарған әдістемелік жұмыстар туралы баяндады. Педагогикалық сыныптарды бітірген түлектерге сертификаттар табысталып, соның ішінде қарастырылған жеңілдіктерді пайдаланып, колледжге түскен педагогикалық сынып түлектері туралы айтты. Осы бағыттағы жұмыстың аясын кеңейту мақсатында Қаратөбе, Бәйтерек, Бөрлі ауданындарында педагогикалық сыныптар ашылғандығын хабарлады.
Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары А.М.Бижанов «Zhahansha book» талапкерлерге жол көрсеткіш нұсқаулығымен таныстырып, талапкерлерге арналған барлық мәліметпен таныстырды.Нұсқаулық арқылыц мамандық таңдауға кеңес пен ата-аналарға ақпарат беріп, кітапхана, кабинеттер, студенттер үйіне бейнесаяхат жүргізді. Сонымен қатар қашықтан оқыту технологиясы «SmartNation»платформасын түсіндіріп, білім алушылардың сабаққа қатысуы, оқытушылардың сабақ беруі, контент сапасының мониторингі жөнінде мәлімет берді.
Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Л.С.Есенова «Мен-болашақ мұғалім» моделін дайындау тақырыбында баяндама жасап,қазіргі заман мұғалімі рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маманын жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты екенінтүсіндірді.
Колледж психологы Н.Х.Кұрманғалиева «Педагогикалық мамандықтардың басымдылығы мен артықшылығы» тақырыбында тренинг өткізді. Назерке Хамитқызы қатысушы педагогикалық сынып оқушыларымен 5 бағытта (мемлекеттік қызметкер. ықылас.оқушылардың алғысы. «педагог мәртебесі туралы» заң,жоғары жалақы) педагогикалық мамандықтың басымдылықтары мен артықшылықтарын ойын түрінде қызықтыра отырып ұйымдастырды.
2020-2021 оқу жылының педагогикалық сынып бітіріп келген,1 курс студенттері Имашева И. 1аКШО, Бердиева А. 1аКШТ, Ерланқызы Г. 1сКШО сөз сөйледі.Ерланқызы Г. 1сКШО Менің болашақ мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Себебі бұл мамандық жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі бір мақсатқа бағытталған деп білемін. Сондықтан мен Бөрліде ашылған педагогикалық сыныпқа өтініш білдіріп, оқыған болатынмын. Педагогикалық сыныпта оқып жүріп, әртүрлі тәрбиелік іс шаралар өткіздік. Білім саласына жол тартуыма бірден бір себепші болған - менің ұстаздарым. Себебі мен үшін ұстаз - биік, асқақ тұлға. Арманыма жету жолында педагогикалық сыныпты бітіруімнің нәтижесінде оқуақысына таңдаған оқу орным 20% жеңілдік беруде, ол менің отбасыма үлкен көмек. Сондықтан мен колледж директоры Светлана Меңдіғалиқызына, ұстаздарға көп алғысымды білдіргім келеді. Болашақта сіздердің бізге артып отырған үміттеріңізді ақтауға тырысамын.