2021 жылдың 5-10 ақпанында колледж жатақханасының меңгерушісі Б.Жумагазиева және жатақхана тәрбиешілері Е.Наурызбай, А.Тлегенова, Н.Байтақова, Г.Шахаева бірлесе отырып ZOOM платформасында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде қарастырылған сұрақтар: "Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж жанындағы жатақхананың ішкі тәртіп ережесі", "Студенттердің тәртібі туралы". Жатақхана студенттерінің ата-аналары ішкі тәртіп ережесімен, жатақхана студенттердің құқықтары және міндеттері, жауапкершілігі, студенттерді жатақханаға қабылдау және жатақханадан шығару шығару туралы мәліметтермен таныстырылды. Ата-аналар толғандыратын мәселелерді талқылауға ықыласпен қатысып, сұрақтарға жауап алды.