22 желтоқсан күні Студенттер үйінде тәрбиеші Г.Шахаева «Жақсылық-жан азығы» тақырыбында тренинг өткізді.
Мақсаты: Студенттердің арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге шақыру, ой-өрісін дамыту. Адам қарым-қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру. Студенттер арасында жақсылық пен жамандықты ажырату сезімдерін дамытуға ықпал ету.
Студенттерді сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.
Тренинг «Нұрға бөлену» тыныштық сәтімен басталып, «Жақсылық өзіңе қайтып келеді» атты видеороликті тамашалаумен жалғасын тапты. Студенттер алған әсерлерімен бөлісті. Әрі қарай «Жақсылық тамшысы» шығармашылық жұмысында студенттер тамшы үлгісіндегі үлестірілген қағазға өздерінің адамға жасаған тамшыдай болса да жақсылығын жазып берді.
Тренинг «Жақсылықтың бағасы» атты әнді хормен шырқаумен аяқталды.