09.02.2021 күні студенттер үйінде тәрбиеші Г.Шахаева «Мейірімді болса жүрек-орындалар тілек» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Мақсаты: Студенттердің «мейірімділік» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, жігерлендіріп көңіл-күйлерін көтеру.
Ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру, бірін-бірі кеңірек танып білу, қатысушылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға және қыс мезгіліндегі шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл-күйлерін көтеру.
Тренинг «Жақсы адамдарым» атты әнді хормен шырқаумен аяқталды.