Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж 3асКДО-9 тобының еріктілері ШЖҚ "Көпбейінді қалалық аурухананың” жаңа туған аналар мен нәрестелерге “Шаңырақ” күні аясында “Наурыз-базарлық” ұйымдастырды. Шағын мерекелік концерт өлеңмен басталып, аналармен тренинг өткізілді. Аналарға арнау оқылды.
Биылдан бастап “Наурызнама”тұжырымдамасы бойынша Наурыз мейрамы еліміздің жер жерінде әр күн сайын ерекше тойланып жатыр.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде амал мерекесінде дәстүрлі әншілер, ҚР Халық әртісі Рамазан Стамғазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Исатаева қатысқан сұқбаттасу, өнер шашу кездесуі өтті. Кездесуде қонақтардың шығармашылығындағы жаңалықтарына шолу жасап, алдағы жоспарларға тоқталды.
Наурызнама аясында колледжіміздің Ынтымақ еріктілер тобы Орал әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, мерекелік бағдарлама ұсынды. Еріктілеріміз ән айтып, жырдан шашу шашып, концерт соңында қарттарға тәттілерін ұсынды.
Наурызнама тұжырымдамасының екінші күні қайырымдылыққа, мейірім мен тату көршілікке, бірлікке арналған.
В этом году объявлен новый формат празднования одного из главных праздников Казахстана, в котором укоренены национальные традиции и обычаи.
15 наурыз - Қайырымдылық күні. Наурызнама тұжырымдамасының дәл осы күнінде Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Губашевтың қатысуымен қаламыздағы жастар ұйымдарының, оқу орындарының волонтерлерімен арнайы жиын өтті.
2024 жылдың 13 наурызда Казталов ауданы Алма Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Бастауышқа – бастамамен» жобасы аясында Казталов ауданында өткен бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған облыстық «Өзін–өзі оқыту» атты семинар практикумы өткізілді. Семинардың мақсаты: Оқу – тәрбие үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру аясында оқу сауаттылығын, креативті ойлауын жетілдіру және бастауыш сынып мұғалімдері арасында өз тәжірибелерімен бөлісу арқылы кәсіби шеберліктерін арттыру болып табылады.