2024 жылдың 13 наурызда Казталов ауданы Алма Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Бастауышқа – бастамамен» жобасы аясында Казталов ауданында өткен бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған облыстық «Өзін–өзі оқыту» атты семинар практикумы өткізілді. Семинардың мақсаты: Оқу – тәрбие үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру аясында оқу сауаттылығын, креативті ойлауын жетілдіру және бастауыш сынып мұғалімдері арасында өз тәжірибелерімен бөлісу арқылы кәсіби шеберліктерін арттыру болып табылады.
Семинарға Казталов аудан мектептерінен басқа Жәнібек, Байтерек, Жаңақала аудан мектеп мұғалімдері қатысты.
Семинардың ашылу салтанатында АӘК меңгерушісінің м.а. Кенжегалиева Асыл Закарияқызы, мектеп директоры Тулекенова Марал Ануарбековна және БҚО білім беруді дамыту орталығының әдіскері Жакина Жұлдыз Бауыржанқызы сөз сөйледі. Бастауыш сынып бірлестігі оқушылармен бірге «Ұлттық құндылықтар-тәрбие түпқазығы» тақырыбында көрініс көрсетті.
Семинардың «Сабақ TIME»бөлімінде 3 сыныптағы қазақ тілі «Сын есім» тақырыбында Аккалиева Венера Мерзияновна мен 2 сыныптағы қазақ тілі «Дара және күрделі зат есімдер» Есекеш Жансая Әлімжанқызының сабақтары өтті. Сабақ кезеңінде оқытушылар әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқу мақсатына сәйкес жұмыстанды. Мұғалімнің шеберлігі мен оқушылардың белсенділігі жоғары болды.
Біздің колледждің 2020 жылғы түлегі Есекеш Жансая Әлімжанқызы «Беспішен шағын жинақталған мектебінен» келіп үлгілік сабағын өткізді. Сабақ кезеңінде сыныпқа алғаш келіп тұрғанымен де оқушылармен жақсы ынтымақтастық атмосферасын құра отырып жұмыс жасады. Білім алушылар да жоғары белсенділік танытып сабаққа қызығушылықпен қатысты. Әр берілген тапсырмадан кейін кері байланыс беріп, асықтар беру арқылы ұпай жината формативті бағалау жүргізілді. Интербелсенді тақта, жасанды интелект көмегін сабақтың мақсатына сай тиімді қолдана білді. Сабақ кезеңінде қойылған оқу мақсаттарына сабақта қол жеткізе білді.
Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық оқытушылары өз шеберлік сағаттарын ұйымдастырды. Джумагазиева Асель Каримовна «ШКМ оқу процесін тиімді ұйымдастырудың жолдары» баяндамамен таныстырып, практикалық тапсырмаларға көп тоқталды. Күнтізбелік жоспар жасақтау барысындағы ШЖМ ерекшеліктерін көрсетіп, сабақ жоспардың құрылымын түсіндірді. 3 пен 4 сыныптын сабақ жоспары мен 2-3 сынып жоспары үлгі ретінде ұсынылып, біріктірілген сыныптарға тапсырма жасақтау берілді. Мұғалімдер жасақтау барысында қателіктері түзетіліп, нұсқау берілді және талдау жасақталды.
Колледж оқытушысы Зайнуллина Анаргул Талгатовна шеберлік сынып бөлімінде «ШЖМ жаратылыстану пәніндегі өсімдіктер бөлімін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында өткізді. Шеберлік сынып барысында пән мазмұнының ерекшелігі мен білім, білік, дағдыға қойылатын талаптарды ескеріп, сыныпаралық байланыс атап көрсетілді.
Шағын жинақты мектептердегі сабақ құрылымы сынып комплектісіне байланысты ұқсас тақырыптардың өзара байланысы айтлып, сабақ кезеңінде жүргізілетін тәжірибелер көрсетіліп, ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар басқа аудан мектептерінен келген бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп кәсіби шеберліктерін шыңдай білді.