Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж 3асКДО-9 тобының еріктілері ШЖҚ "Көпбейінді қалалық аурухананың” жаңа туған аналар мен нәрестелерге “Шаңырақ” күні аясында “Наурыз-базарлық” ұйымдастырды. Шағын мерекелік концерт өлеңмен басталып, аналармен тренинг өткізілді. Аналарға арнау оқылды.
Жиын соңында колледж директоры Алтынгүл Жақсығұлқызы ана мен баланың маңызын, отбасы құндылықтарын атап өтіп, аналарға ізгі тілегін арнап, базарлық үлестірді. Бұл күні студенттерімізге ананың жылулығы, отбасы құндылықтары кеңінен дәріптелді.