Күн мен түннің теңесіп, жаңа күннің келер басы – Наурыздың табалдырықтан аттайтын сәтіне де санаулы күн қалды. Төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрін қалыптастырып, оның мазмұнын идеологиялық мәнмен байыту үшін 14–23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігі жарияланды.
14 наурыз - Көрісу күні - Амал мерекесі. Бұл дәстүр негізінде еліміздің батыс өңірлерінде сақталған. Қазір бұл мерекені барлық аймақта тойлау ұсынылды.
15 наурыз - Қайырымдылық күні. Бұл күнді ел бойынша қайырымдылыққа, мейірім мен тату көршілікке арнаймыз.
16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күн мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналып, республика бойынша түрлі іс-шараларды өткізу жоспарланып жатыр.
17 наурыз - "Шаңырақ күні". Осы күні отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар өтеді.
18 наурыз - Ұлттық киімдер күні. Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шара өткізу ұсынылып отыр.
19 наурыз - Жаңару күні. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды.
20 наурыз - Ұлттық спорт күні. Бұл күні елдің барлық аймағында ұлттық спорттан түрлі жарыстар ұйымдастырылады.
21 наурызды - Ынтымақ күні. Оның басты мақсаты - жалпы халық арасында бір-біріне деген сый-құрметті арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау.
22 наурыз - Жыл басы. Бұл күні еліміздің барлық өңірінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, стильді этноауылдар мен түрлі жәрмеңке ұйымдастырылады. 14-23 наурыз аралығында "Наурыз-базарлық" маусымы жарияланады. Бұл күндері сауда орындарында жаппай сатылымдар өтеді.
23 наурыз - Тазару күні. Наурызнаманың қорытынды күні, жаңа жылды тұтас ел болып, жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде етіп жарияланады. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттері Наурыз мерекесін атап өту Концепциясынан тыс қалмады.
"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығының білім алушылары - 15 наурыз – Қайырымдылық - Мейірімділік пен жанашырлық кезеңіне орай өзнің шараларын ұйымдастырды.
Бұл күн қайырымдылық, мейірімділік пен тату көршілікті насихаттауға арналған, сонымен біргі жалпы, игі істер дәстүрін тарату қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. 15-наурыз "Қайрымдылық" күніне орай 4аКДО-9 тобының “Ернарға көмек” атты ұйымдастырылған қайрымдылық қорын жинақтап, бөбектің емделуіне өз үлесін қосуға атсалысты. Анасы өз ризашылығын білдірді. Кішкентай Ернарымыз сауығып кетіп, еліміздің мақтантұтарлық Азаматы болып өссін.