Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиев пен Орал қаласының әкімі М.Сатқанов колледж жанындағы студенттер үйінде орналасқан эвакуацияланған тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында өңір басшысы мен шаһар басшысы әр зардап шеккен азаматқа тиісті көмек көрсетілетіндігін, ешбір тұрғын көмексіз қалмайтындығын атап өтті.
Республикалық Таза Қазақстан акциясы және 27.04-25.06.2024 аралығындағы қаламыздағы санитарлық-экологиялық тазалық айлығы аясында ECObolashaq үйірмесі мүшелерінің қатысуымен колледж ауласына көшеттер отырғызылды.
Орал - біздің қала. Оны қорғау, тазалау, сақтау біздің басты міндетіміз. Сондықтан баршаңызды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!
2 мамыр күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің "Музыкалық білім беру мамандығы" кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің ұйымдастыруымен «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» атты 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған концертті өтті. Мерекелік шараны колледж оқытушылары, студенттер және Студенттер үйінде орналасқан эвакуациялық орталық тұрғындары тамашалады.
2 мамыр күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Кomekstopbullying» жобасы бойынша ТОО IT Group Kazakhstan директоры А. Сабурова, менеджері А.Умбеткалиевалар студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті.
1 мамыр - Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай “Халықтар достығы - Ел бірлігі” атты челленджді Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттері бастады. Әрі қарай, челленджді Орал политехникалық колледжіне жолдаймыз!
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 4аКШФ-9 тобының студенті Қамидоллаева Жансая Семей қаласында самбодан әйелдер арасында өткен Қазақстан ресубликасының чемпионатында қола жүлдегері атанды.
Қ.Тоқаев: Қазақстанды көгалдандыру, өңірлер мен қалалардың аумақтарын тазарту жұмыстарын үнемі жүргізу керек.