Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі директорының орынбасары А.Бижанов колледж студенттеріне арнап терроризмге қарсы түсінік жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Студенттерге терроризм және экстремизм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, шұғыл әрекет ету.
TopIQ.kz платформасында электрондық оқулықтарды ең үздік қолдану бойынша өткізілетін «LEADER TopIQ-2024» республикалық байқаудың «педагогикалық колледждердің әкімшілігі» аталымы бойынша қатысушысы - Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, педагогика және психология кафедрасы оқытушысы, педагогика ғ. магистрі, педагог-зерттеуші, «Психология» оқулығының авторы Есенова Ляззат Сайкомовна.
20 наурыз күні жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы Ж.Е.Молдагалиева Lesson study шеңберінде 1аКШО-9 тобына «Химия» пәнінен «Майлар. Сабын және синтетикалық жуғыш заттар» тақырыбында зерттеу сабағын өткізді.
Бүгін Тазару күніне орай Орал қаласында экологиялық акция өтті. Сенбілікке Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы, Орал қаласының әкімі Миржан Мұнайдарұлы және студенттер, жастар, экология белсенділері қатысты.
Наурыз - табиғатпен үндес болу, қоршаған ортаны қорғау. Табиғатпен қоса, жан дүниемізді де тазарту айы.
110 жылдық тарихы бар Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж оқытушылары мен студенттері қала тұрғындары мен қонақтарына арнап А.Н.Островский атындағы орыс драма театры алдында «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік концертін ұсынды.
В Высшем педагогическом колледже им.Ж.Досмухамедова продолжается 10-дневный марафон празднования Наурыз. “21 марта - Ынтымақ күні”. Его главная цель-популяризация мира и единства среди населения в целом, повышение уважения друг к другу.
Бүгін Оқу ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен сағат 12.00-де еліміздің барлық білім беру мекемелерінде “Күй күмбірі” челленджі өтті.
Наурызнаманың жетінші күні Ұлттық спортқа арналған.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде ұлттық спорт күніне орай асық ату, тоғызқұмалақ, қол күрес, арқан тартыс сынды спорт түрлерінен студенттер арасында жарыстар ұйымдастырылды.