Қараша айының 1 жұлдызында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының «Қазақтың Қадыры» атты онкүндігі аясында Қадыр шығармаларын оқуға арналған «Ұлт ақыны» тақырыбында Read X форматында оқытушы А.Ж.Темрешева оқырмандардың танымдық шарасын өткізді.
Шараның мақсаты- студенттерді Қадыр ақын қаламынан шыққан шығармалар құндылығына қанықтырып, жазып кеткен мұраларын тереңнен таныту, оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру, кітапты сүюге, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Read X жобасы – рухани дамудың дағдысы десек, қазақ тілі мен әдебиеті, бастауыш сыныпта оқыту, мектепке дейінгі оқыту және тәрбие беру, дене тәрбиесі және спорт мамандықтары студенттері ақынның «Көкейкесті», «Жазмыш», «Иірім», «Ой өрісі», «Таңдамалы шығармалары», «Өлеңдер, әндер, ғибратнамалар», «Көкпар» жинақтарын жарнамалалап өз пікірлерімен бөлісті. 2аКШК-9 тобы студенттері Анел, Мақсат ақынның «Махамбет», «Уақыт мезгіл пернесі», 2апКДО-11 тобы студенттері Нұрбибі, Айкөркем «Домбыра», «Бақыт», 1аКШФ -9 тобы студенті Ахметәлі «Бата», 3сРШО-9 тобы студенттері Юлия, Валерия, Адима, Анджела, Альмира «Зыр-зыр еткен», «Күз», «Қыс», «Туған жер», «Алаштың арманы» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. 3пКШИ-11тобы студенті Ермахан С. Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйін нақышына келтіріп орындап танымдық шараның көркін ашты. Студенттер WordwaII платформасы арқылы кері байланыс сұрақтарына жауап берді. Танымдық шараның қорытынды бөлімінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.М.Каримова Қадыр ақын шығармаларын оқу бүгінгі жастарға рухани азық болатынын айтып, ұйымдастырушыға және белсене қатысқан студенттерге алғысын білдірді.