Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж жанындағы студенттер үйі сәуір айымен қыркүйек айының аралығына дейін суға кеткен саяжай тұрғындарына пана болды. Мемлекет тарапынан баспанаға қол жеткізген жерлестерімізді ыстық ықыласпен жаңа үйлеріне қимай қоштасқан едік. Жатақханаға ай жарымдай жөндеу жұмыстары мен тазалық жұмыстары жүргізіліп, студенттерге өз есігін айқара ашты.
Жатақхана-студенттердің екінші үйі. Жатақханаларын асыға күткен студенттерді орналастыру 04.11.2024 күні жүзеге асты. Студенттер үйінде тұруға, оқуға және демалуға барлық жағдай жасалған. Арнайы демалыс холдары, іс-шаралар өткізуге арналған кездесу залы, әр қабатта жуынатын бөлмелермен жабдықталған. Бір бөлмеде 2-3 студенттен тұрады. 06.11.2024 күні тұрғындардың ең алғашқы жалпы жиналысы оздырылды. Жиналысқа жатақхана меңгерушісі-А. К. Уразгалиева, шаруашылық меңгерушісі-А. Б. Уразалиев, колледж медбикесі-А. С. Жумагалиева, әлеуметтік педагог-Э. Ә. Амантаева, жастар жетекшісі - М. Қ. Слемғалиева, комендант-Б. Б. Есбосинова және тәрбиешілер А. Т. Нугманова мен А. А. Бисариева қатынасты. Жиналыста студенттерді Қауіпсіздік ережесімен таныстырып, бақылау камералардың жұмысы, күн тіртібі, өзара қарым-қатынас айтылды. Студенттердің жақсы білім алуына толық мүмкіндік жасалған. 4 тәрбиеші өз ауысымдары бойынша жұмыс істеп, жатақхана меңгерушісі, комендант, медбике мен кіші қызметкерлер жатақхананың жайлы болуына өз үлестерін қосуда. Осы аптада жатақханаға 192 студент орналасты.