8 – қараша күні практика бөлімінің жоспарына сәйкес Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің болашақ түлектерінің диплом алды практикада жаңа ортаға бейімделу деңгейін, өзіне деген сенімділікті арттыру және диплом алды педагогикалық практикадан өтуге психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатында колледж педагог – психологы А.К. Аяпбергенова «Табысқа жетер жол» тақырыбында тренинг өткізді.
Шараны директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары М.С. Мукашев ашты, студенттердің диплом алдындағы практика кезінде жаңа ортаға тез, кедергісіз бейімделу арқылы практика бағдарламасын толық орындауға жағдай жасалынатындығын айтты. Тренинг барысында топтық жұмыс арқылы студенттер жаңа ортаға бейімделу дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды. Жаттығулар мен тапсырмалар барысында олардың жаңа жағдайларда тиімді жұмыс істей алу қабілеті артты. Түрлі психологиялық – педагогикалық жағдаяттарды талдап теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолдану жолдарын анықтады. Тренинг барысында студенттердің белсенді қатысуы мен өзара қарым-қатынасы тренингтің тиімділігін арттырды.