«Жаһанша оқулары»

«Қазақ зиялылары ұлттық тәуелсіздік жолында: ХХ ғасырдың ширегі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 2019 жылдың 12 желтоқсанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен колледждің ұйымдастыруымен дәстүрлі  «Жаһанша оқулары» аясында Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында оздырылды. Алыс және шетелдер мен отандық ғалымдардың қатысуымен өткізілген конференцияның бағыты мен мақсаты Жаһанша тағылымы және заманауи білім беру мен тәрбие мәселелері, қазақ зиялыларының өмірі және қоғамдық-саяси қызметі, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет құрудағы ұлт зиялыларының тарихи көзқарастары,рухани құндылықтар: әдебиет, ұлттық тіл, жазу, емле мәселелері аясында өтті. Өткен ғасырлар тоғысында қазақ зиялыларының қалыптасуымен бірге ұлт-азаттық күресі жаңа әлемдік деңгейге көтеріліп жаңа сапада өрбіді. Алаш қозғалысын өмірге әкелген ұлт зиялыларының озық тобы да, 1920 жылы қазақ автономиясын қалыптастыратын советтік қайраткерлер де ұлттық тәуелсіздік жолында өлшеусіз қызмет етті. Осыған орай ғасыр бұрынғы ұлт көшбасшыларының арман-мүдделерінің бүгінгідей еліміздің тәуелсіз дамуы жүзеге асқаны жағдайында олардың қазақ көшін алға сүйреу жолындағы қызметін саралау және қазіргі зерттеулерінің нәтижелерін баяндау, жаңа мұрағаттық құжаттарды ғылыми айналымға енгізу- конференцияның негізгі мақсаты болды. Конференцияға алыс және жақын шетелдер мен отандық ғалымдар мен қатар облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев қатысып, құттықтау сөз сөйлейді. Бағдарлама бойынша атап айтқанда, тарих ғылымдарының докторы, академик Т.З.Рысбеков «Ораз Исаев-мемлекет және қоғам қайраткері», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының кореспондент мүшесі Берекет Бақытжанұлы Кәрібаев «М.Тынышпаев және ортағасырлық Қазақстан тарихының мәселелері» (Алматы қ), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Шолпан Арапбайқызы Забих «Государственные и правовые взгляды выдающегося политического деятеля начала ХХ века Жаханши Досмухамедова», БҚО, Теректі ауданының прокуроры, тарих ғылымдарының кандидаты Равиль Сидағатұлы Мажитов «Ж.Досмұхамедов және «Алаш» ұлттық автономиясының концепциясы», Халықаралық  «қазақ тілі» ұйымы РФ филиалының және Орынбор «Достық үйі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сауле Совхозқызы Таикешева «Роль казахских просветителей первой четверти ХХ века в Оренбургским крае» (Орынбор қ, Ресей), атты баяндамаларымен қазақ зиялыларының  қазақ көшін алға сүйреу жолындағы қызметін саралау және қазіргі зерттеу нәтижелерін баяндау, жаңа мұрғаттық құжаттарды ғылыми айналымға енгізу секілді бірқатар құндылықтармен бөлісті. Сонымен қатар аталмыш конференция аясында колледждегі оқуымен қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, колледждің мақтаныштарына айналған 7 үздік студенттерге Ж.Досмұхамедов атындағы шәкіртақы табыс етілді. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның секциялық жұмысы колледждің аудиторияларында жалғасты. Студенттердің барлығы секциялық жұмыстарға қатысып, белсенділік танытты.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 97

Кеше 202

Осы аптада 1132

Осы айда 3948

Барлығы 249784

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска