«ЖАҺАНША студенттерінің қатарына қабылдау» кеші

2019 жылдың 15 қараша күні 1 курс студенттеріне «ЖАҺАНША студенттерінің қатарына қабылдау» кеші өтті. Кеш 2асКШМ топ студенттерінің «Emotion” тобының жастар биімен ашылды.1 курс студенттеріне ұйымдастырылған кеш арқылы еліміздегі алдыңғы қатарлы бірі әрі бірегейі, білім мен ғылым ордасы, 106 жыл тарихы бар, Жаһанша атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттері қатарына қабылданатындарын айтып, қабылдаудың өз рәсімдеріне тоқталып өтті. Осы уақыт аралықтарында колледжді түлеп шыққан түлектеріміз еліміздің білім, ғылым, өнер саласына өз үлестерін қосып жүргендерін мақтан етіп, оларға да сенім мол екенін айтты. Алғы сөз колледж басшысы С.М.Бахишеваға беріліп, сахнада сынақ кітапшалары топ басшыларына табысталды. Сонымен қатар, колледжде қызмет етіп жұрген ардагер ұстаздарымыз Галимова Абила Утепкалиевна және Набидоллин Бисенбай Куанышқалиұлы студенттерді құттықтап, студенттік билеттің маңыздылығы мен қажеттілігі айтып, олледж студенті екенін дәлелдейтін негізгі құжаттың бірі екенін жеткізді. Бойындағы бар асыл қасиеттерді баласының бойына сіңіріп, қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын деп барынша жақсы тәрбие беретін  ата-ана екенін еске ала, студент қатарына қабылдау  салтанатты кешіне анамыз Жубанова Ләйлім Бақытқызын және колледж қамқоршылық кеңесінің төрағасы Теміралиев Рақымғали Сергалиевичте шақырылып, құттықтау сөзі берілді. Колледждегі студенттік өзін-өзі басқару ұйымының президенті Серикова Жанаргул құттықтау сөзін айтып, адалдық, адамгершілік ережелерін ұстануға шақырды. Залдағы студенттерге адалдық, адамгершілік ережелері үйлестірді. Колледжде дәстүрлі түрде 1 курс студенттерінің шығармашылығын, қабілеттерін насихаттау, жас ұрпақты рухани құндылықтармен сусындату мақсатында өткен «Сенің жұлдызды сәтің!» байқаудың қорытындысын хабарлау үшін, байқаудың талаптары бойынша жоғары деңгейде көрсеткен студенттерді музыка кафедрасының меңгерушісі Батырханова Армангул Айдаровна марапаттады. Жаһанша студенттерінің қатарына қосылу үшін ұрпақтан ұрпаққа берілетін ант қабылдау рәсімі жасалды. Барлық студенттер ант қабылдап, «Гаудеамус» әнұранын орындады.

 

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 85

Кеше 148

Осы аптада 632

Осы айда 2912

Барлығы 177297

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска