«Үздіктер кеші-2020»

27 желтоқсан күні жаңа жыл мерекесіне орай колледж студенттерінің «Үздіктер кеші-2020» өтті. Үздіктер кешіне «Жаһанша шәкіртақы» иегерлері, өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері, «Жас Отан» жастар қанаты педагогикалық бөлімшесінің мүшелері, халықаралық, республикалық және аймақтық конференциялар, жобалар мен байқаулардың жүлдегерлері, спорттық жарыстар мен ән байқауларының жеңімпаздары, оқу озаттары қатысты. Кештің мақсаты: колледж студенттерінің ішінен үздіктерді анықтап, олардың жетістіктері мен қабілеттерін ынталандырып, мадақтау. Сонымен қатар, кешке колледж әкімшілігі мен топ жетекшілер, оқытушылар қатысты. Үздіктер кешінің алғы сөзі колледж директоры С.М.Бахишеваға берілді. Басшымыз үздік студенттерді ерекше күнмен құттықтап, 2019 жылы оқудағы және қоғамдық жеткістіктері үшін «үздік көшбасшы», «үздік топ басшы», «үздік ерікті», «үздік белсенді», «үздік жүргізуші», «үздік ақын», «үздік оқырман», «білім үздігі», «үздік домбырашы», «үздік спортшы», «үздік әнші», «үздік биші» номинацияларымен марапаттады. Сонымен қатар, құрмет тек қана талант иелеріне ғана емес, сонымен қатар олардың жетекші - мұғалімдеріне, жас таланттардың білім белестерін бағындыруға себепкер болған ата-аналарынада алғыс білдірді. Кеш концерттік бағдарлама және би кешімен жалғасын тапты.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 158

Кеше 1370

Осы аптада 3970

Осы айда 6065

Барлығы 183584

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска