«Жастар-қоғамның жарқын болашағы»

2019 жылдың 11.11.-12.12. күндері аралығында  «Болашаққа бағдар: Туған жерге-тағзым» тақырыбы аясында Қазақстандағы Жастар жылына орай ТжКББҰ арасында «Жастар-қоғамның жарқын болашағы» атты облыстық фестиваль ұйымдастырылды. Фестивальды өткізу кестесіне сай 19 қараша күні колледжде өткізілді. Мақсаты-ТжКББҰ студенттерінің туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мен қазақ халқының және Қазақстанда тұратын өзге де ұлт өкілдерінің тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін насихаттау, дәріптеу. Білімді, креативті, жаңаша ойлай білетін жастарды, инновациялық жобаларды, үздік шығармашылық жұмыстарды анықтау. Колледж жетістіктерін қолдау, озық іс-тәжірибелерін тарату арқылы жастарды жаңа қазақстандық патріотизм рухында тәрбиелеу мақсатындағы тәрбие жұмыстарын жүйелеу. Фестивальдің І-кезеңі бойынша «2019 жыл-Жастар жылы» тақырыбында үздік бұрыштама дайындау бойынша көрме жасалды. Көрмеге колледжде жүзеге асырылып жатырған жобаларды, олардың материалдары, қолөнер жұмыстары қойылды. Инновациялық жобалар бойынша «Жаһанша жолымен», «Студенттер үйі- өз үйім», «Қайырымдылық» жұмыстары бойынша презентациялар дайындалып, баннерлер жасалды. ІІ-кезең «Туған елім-мақтанышым» тақырыбы бойынша концерт тік бағдарлама дайындалды. Концерттік бағдарламаны «Музыкалық білім беру» мамандығының студенттері мен оқытушылары дайындап, патриоттық тақырыпта жеке, дуэт, трио, топ ретінде эстрадалық ән және дәстүрлерді  жоғары деңгейде орындады және қазақ биі, достық билерін көркемдік ерекшелікпен орындады. Фестиваль нәтижесінде «2019 жыл-Жастар жылы» үздік бұрыштама номинациясының лауреаты атанды.

ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған «Еліміздің еркіндігі-Тәуелсіздік!» атты тәрбие сағаттары

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 102

Кеше 148

Осы аптада 649

Осы айда 2929

Барлығы 177314

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска