«Адалдық сағаты»

02.09.2019 күні колледж акт залында жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаты» өткізілді. Адалдық сағатына БҚО сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаментінің аға офицері Ихсанғалиев Нұржан Мержанұлы қатысып ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы дайындаған слайдымен таныстырды. Кездесу барысында арнайы қонақ тарапынан білім алушыларға әрдайым адал, парасатты, әділ болуға шақырды және қазақ халқының әр заманда өмір сүрген ойшылдары мен ғұламаларының адалдық, адамгершіліқ, кішіпейілділік жөніндегі сөздеріне мысал келтірді. Колледж директоры Бахишева Светлана Меңдіғалиқызы колледж студенттеріне колледж тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстар жөнінде атай келе 2018-2019 оқу жылынан бері жүзеге асырылып келе жатырған «Академиялық адалдық саясаты» негізгі бағыттары мен мақсаты жөнінде түсіндіріп өтті. Сонымен колледж студенттерін сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем жол бермеуге және онымен бірігіп күресуге шақырды.

Сонымен қатар, оқу процесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізу арқылы оқыту сапасын арттыру бойынша студенттерде академиялық сағаттар ұйымдастырылды. Академиялық адалдық саясатының ережелерінің жинағы құрылды, өйткені оқу орны студенттердің академиялық мәдениетін көтеруге және академиялық адалдыққа, топтағы студенттерге де, оқытушылар құрамына да, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процедураларын және академиялық этика нормаларын жоғарылату шараларын ресімдеуге және институционализациялауға мүдделі. Жинақ егжей-тегжейлі талданды, 6-тараудан тәртіп пен тәртіп ережелері және емтихан ережелері туралы әр оқушы өз пікірін білдірді.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 96

Кеше 202

Осы аптада 1131

Осы айда 3947

Барлығы 249783

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска