«Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК бос лауазымдық орындарға конкурс жариялайды 03.12.2024

«Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК бос лауазымдық орындарға конкурс жариялайды

  Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары  – 1  бірлік, А1-2-1  блогы – 211 408-218 000 теңге (еңбек өтіліне байланысты еңбекақысы өзгереді)

Біліктілікке қойылатын талаптар:

- тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім және білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, кәсіптік қайта даярлығы бар;

- немесе білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы.

Лауазымдық міндеттері:

- білім беру ұйымын ақпараттандыру процесін іске асыруды, оны ресурстық қамтамасыз етуді, білім беру және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалануды ұйымдастырады;

- оқу жылына оқу-тәрбие процесін ақпараттандыруды дамыту бойынша жұмыс жоспарын әзірлейді;

- оқыту процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізеді және пайдаланады;

- білім беру және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланыс орнатады;

- тиісті жұмыс бағытының кадрларын іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады;

- терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды басшылыққа алады және ұйымдастырады;

- ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагогикалық және басқару кадрларын оқытуды ұйымдастырады;

- ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды;

- педагогтер мен білім алушылар арасында ақпараттандыру бойынша конкурстар, конференциялар өткізуді ұйымдастырады;

- оқу-материалдық базаны қамтамасыз ету, сақтау және толықтыру, қызмет көрсету, жөндеу және оны есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

- қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен нұсқаулықтарға сәйкес белгіленген есептік құжаттаманы уақтылы жасауды қамтамасыз етеді;

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының біліктілікті беру (растау), арттыру кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді;

- білім алушылар, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Келесі жұмыстарды басшылыққа алады:

  • бейнебақылау камераларын бақылауға алу;
  • турникет карталарын жаңарту;
  • жасанды интелектті ендіру; оқыту-тәрбие үрдісінде жасанды интелектті ендіру;
  • мобилографиялық жұмыстарды жүзеге асыру;
  • педагогтың электрондық портфолиосына техникалық қолдау көрсету.

 

Заңгер – 0,5 бірлік С2  блогы– 68240-69738 теңге (еңбек өтіліне байланысты еңбекақысы өзгереді)

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      1-санатты заңгер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және 2-санатты заңгер лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;

      2-санатты заңгер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз заңгер лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;

      санатсыз заңгер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Лауазымдық міндеттерi:  Құрылтай құжаттарын әзірлеуді жүзеге асырады; заңды тұлғаларды тіркеуді, бағалы қағаздар эмиссиясының, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді;  кәсіпорын органдарының құқықтық негіздерін (жалпы жиналыстың өкілеттіктері туралы, директорлар кеңесі туралы, басқарма туралы, тексеру комиссиясы туралы ережелерді әзірлейді) анықтайды; мүлікті сатып алу немесе бас тартуға байланысты мәмілелер (шарттар) туралы ережені әзірлейді; кәсіпорынның қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін заңдармен, нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету бойынша, нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді; кәсіпорын бөлімшелерін, жекелеген мамандарды өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруға қажетті нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етеді; кәсіпорындағы шартпен келісілген жұмыстарды талдайды, оны қайта қарау мен өзгерту бағдарламасын әзірлейді, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріндегі шарт бойынша жұмыстардың жағдайын тексереді; кәсіпорындағы наразылық жұмыстарын жүргізеді, қарсы агенттерден түсетін наразылықтарды есепке алуды, оларды қарауды қамтамасыз етеді; түскен наразылықтарға жауап дайындайды және түскен наразылықтарды қанағаттандыру немесе одан бас тарту туралы шешім жабаларын қабылдайды; талап-арыз жұмысын жүргізеді, шарттық дауларды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау бойынша шаралар қабылдайды; кәсіпорын қызметін жүзеге асыруға қажетті лицензиялар, рұқсаттар алу үшін өтінімдерді, өтініштер мен өзге де құжаттарды дайындайды; қызметкерлердің материалдық жауапкершілігі туралы шарттарды тексереді және қол қояды; қызметкерлерді жұмыстан босатылу мен ауысу, оларға тәртіптік жаза қолдану заңдылығын тексеруді жүзеге асырады; кәсіпорында анықталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті мемлекеттік қадағалау органдарында кәсіпорын атынан өкілдік етеді;талаптарды қабылдауға, талаптар бойынша жауап беруге және бітімгершілік келісімдерге қол қоюға құқылы; кәсіпорын жұмысшыларына әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша жазбаша және ауызша кеңесті жүзеге асырады, заңды құжаттарды құрастыруға құқықтық көмек көрсетеді. 

Конкурсқа  қатысуға қажетті құжаттар:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)Жеке басын куәландыратын құжат (нотариуспен шандырылған);

3)Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (нотариуспен шыңдалған), (түпнұсқа) (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (075 нысан), медициналық кітапша.

7) Сотталмаған туралы анықтама;

8) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

9) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

10) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

11) Бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

12) Әскери есепке алу құжаты (ер азаматтарға)
13) Бар болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері,  ғылыми немесе әдістемелік басылымдар, біліктілік санаттары, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдары) ұсынады.

14) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

 

Конкурс мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің мемлекеттік қызметке бос лауазымдарға орналасу қағидалары негізінде өткізіледі.

Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» және колледждің ресми сайтында жарияланады.

 

Хабарландыру шыққан соң 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: Орал қаласы. Н.Назарбаев даңғылы 173 үй 22 – бөлме,  тел:  87752231252, 87785516538;

 

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 89

Кеше 202

Осы аптада 1124

Осы айда 3940

Барлығы 249776

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска