Облыс мектептеріндегі педагогикалық кластарға арналған әдістемелік семинар

29 қазан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Облыс мектептеріндегі педагогикалық кластарға арналған әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты - педкласс тыңдаушыларын колледждің оқу және техникалық базасымен таныстырып, түрлі шеберлік сыныптар, студенттердің жобалық, шығармашылық жұмыстары арқылы өздерінің оқу іс-әрекеттеріне мотивация беру, педагогикалық сыныптардың мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету. Семинарға Ақсай қаласындағы №1 ЖОББМ, Бәйтерек ауданынан Қ.Аманжолов атындағы , Шыңғырлау ауданынан, Тасқала ауданынан С.Жақсығұлов атындағы , Теректі ауданынан Федоров, қаламыздағы №1, 3 ЖОББ мектептен барлығы 76 оқушы және 9 мұғалім қатысты.

Семинар бағдарламасы бойынша колледж директоры, педагогика ғылымының докторы С.М.Бахишева алғы сөзбен ашып, шараның мақсат-міндеттерімен таныстырып, педклласс оқушыларына қазіргі таңдағы өскелең ұрпақтың алдына қойылып отырған талаптар мен мүмкіндіктер туралы айтып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Әдістемелік семинар педкласс мұғалімдеріне «Оқушылардың педагог мамандығына қызығушылығын арттыру» және оқушыларға «Менің болашақ оқу орным!», «Шеберлікке қадам. Шеберлік сыныптар» бөлімдерімен екі бөлек карусель әдісімен ұйымдастырылды.

Педкласс мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың педагог мамандығына қызығушылығын арттыру» бөлімінде педагогика және психология кафедрасының жетекшісі Р.Қ.Ильясова «Педагогикалық мамандықтарға бейімдеудегі оқушылардың оқу іс-әрекеттерін мотивациялау тәсілдері» тақырыбындағы баяндамасында мотив, мотивация және педагогикалық мотивация ұғымдарының мәнін ашып, олардың педагогикалық кластардағы оқу үдерісіндегі алатын орнына тоқталды. Педагогикалық мамандыққа мотивациялау әдіс-тәсілдерін, технологияларын мақсатқа сай қолдану жолдарын практикалық жұмыстар арқылы көрсетті.

Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары З.Ғ.Мұхтар «Цифрлық технология – адамзат болашағы» тақырыбындағы баяндамасында bilimland.kz порталының және бүгінгі заманауи үрдіс-бұлтты технологиялар мүмкіндіктерін пайдалану жолдарын көрсетті. Соның ішінде Google формаларда жұмыс жасау мен Google дискті пайдалану қарастырылып, QR кодты жасау әдістері таныстырылды.

«Шеберлікке қадам. Шеберлік сыныптар» бөлімінде орыс тілі және әдебиеті кафедрасының жетекшісі А.С.Бекболатова «Маршрутная карта на уроках» тақырыбындағы шеберлік сыныбында «маршрутная карта» әдісін оқу-тәрбие үдерісінде қалай оңтайлы пайдалануға болтындығын өз тәжірибесі арқылы көрсетті.

Информатика пәнінің жоғары санатты оқытушысы С.С.Бекенова «Интеллектуалды ойындарды құрастыруды үйренейік» тақырыбындағы шеберлік сыныбында triventy, learningApps.org, learnis.ru т.б. веб-қызмет арқылы танымдық ойындар құрастыру арқылы оқушылардың логикалық ой-өрістерін дамыта отырып, сабаққа қызығушылық мотивациясын туғызуға болатындығы жөнінде өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Оқушыларға арналған «Менің болашақ оқу орным!» бөлімінде тыңдаушылар колледждегі «Рухани мұра» кабинеті, А.Бақтыгерева атындағы дәрісхана, студенттер галериясы, кітапхана, студенттер үйіне экскурсия жасап, колледжде оқитын студенттің білім мен тәрбие алуына, жеке басының жан-жақты дамуына, әлеуметтік жағдайна жасалынатын мүмкіндіктермен танысты.

«Шеберлікке қадам. Шеберлік сыныптар» бөлімінде педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Л.С.Есенова және колледж психологы Н.Х.Құрманғалиева «Мамандыққа бастар жол» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг мақсаты - оқушыларға мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығын, таңдаған мамандықтардың өздеріне қоятын талаптарын ұғындыру және таңдаған мамандыққа жауапкершілікпен қарау, өзін-өзі басқаруды үйрету .

Көркем еңбек кафедрасының жетекшісі Н.А.Хамзин оқытушы Е.А.Жалдыбеков, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Ж.Жонкарбаева, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту кафедрасының жоғары санатты оқытушысы Т.Ө.Маденовалар өткізген «Көркем қолөнер. Монотипия, оргами» тақырыбындағы шеберлік сыныптарында оқушылар өздерінің бойындағы шығармашылық қырларын ашуға мүмкіндік алып, әртүрлі дәстүрден тыс бейнелеу технологияларымен танысып, практикалық жұмыстар жасап, сұлулық әлеміне саяхат жасады.

Заманауи құралдармен жабдықталған STEM кабинетте математика және информатика кафедрасының жетекшісі Г.К.Сагидуллина, жаратылыстану пәнінің оқытушысы А.Т.Зайнуллинаның «Табиғат және физика» тақырыбында өткізген шеберлік сыныптарында оқушылар табиғатта өтетін физикалық құбылыстарды тәжірибе жүзінде жасап, тылсым табиғатта болатын өзгерістерді қызықтауға жағдай жасалынды.

Рефлексия бөлімінде семинарға қатысушы оқушылар колледж тынысы туралы көптеген мәлімет, үлкен эмоционалдық әсер алғандықтарын, оқу бітірген соң педагогикалық мамандыққа оқуға келгісі келетіндіктерін стикерлерге жазып пікірлерін білдірді.

С.Жақсығұлов атындағы ЖОББМ жанындағы педкласс мұғалімі Н.В.Вологин семинар мазмұды болғандығын, педагогика, психология, цифрлық технология бағыттары бойынша әдістемелік көмек алғандықтарын айтып,өз пікірімен бөлісті.

Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орын басары М.С.Мұқашев қорытынды сөз сөйлеп, қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдірді. Осы жобалық жұмыс тығыз ғылыми-әдістемелік қарым-қатынас жасап жұмыстанғанда нәтижелі болатындығын айтты.

Семинар бағдарламасы «Білімді жастар елдің болашағы» тақырыбындағы Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ашылған колледж тарихының көрме залын тамашалау арқылы аяқталды.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 179

Кеше 190

Осы аптада 179

Осы айда 9840

Барлығы 187359

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска