«Дос болайық бәріміз!» тақырыбында 5 қараша мен 10 қараша аралығында1аКШО, 1пКШО, 1пРШИ, 2сРШИ топтарында және жатақхана студенттеріне тренинг ұйымдастырылды.
Мақсаты:
- Студенттерге дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
- Студенттерді адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
- Студенттердің адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Тренинг барысында достық туралы студенттердің ой пікірлері тындалды. Достықты қадірлей білуге шақыру, адал дос таба білуге баулу мақсатында «Дос іздейміз» жаттығуы өткізілді.
Бір-бірін қаншалықты білетіндіктерін анықтау мақсатында «Біз екеуміздің ұқсастығымыз…» жаттығуы ұйымдастырылды. Сағат тілімен әр қатысушы өзінің көршісіне қалайша ұқсас екенін айтып өтті.
Топтық ұйымшылдықты дамыту мақсатында «Үлкен отбасылық фотосурет» жаттығуы орындалды. Жаттығудың соңында рефлексия жасалды.
Топ студенттерін толғандырып жүрген мәселелерін білу мақсатында «Хат» жаттығуы өткізілді.
Студенттер өздерінің достарымен арасызда туындап жүрген келіспеушілік жайлы, досыңыз шешімін таба алмай жүрген жағдаят жөнінде және т.б. тұлғааралық қарым-қатынасындағы проблемалар, толғандырып жүрген жайттар жөнінде ананимді түрде хат жазды. Содан соң топ болып мәселелер қарастырып, дұрыс ақыл-кеңес берілді.