Миссия: Отандық және шетелдік үздік тәжірибелерді ескере отырып, тұлғалық және кәсіби қасиеттері жоғары деңгейдегі, Қазақстанның педагогикалық әлеуетін дамытуға үлес қосуға қабілетті мамандарды дайындау.

Кайрлиева Алтынгүл Жақсығұлқызы
Директор
Тел.: +7 775 223 1252
Электронды пошта: altin.uralsk@mail.ru

Құрметті сайт қолданушылары!

Директордың блогы колледж оқытушылары, қызметкерлері, студенттері, ата-аналар және қоғаммен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер маған сұрақтарыңызды қойып, өз ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және еркін талқылау колледжіміздің дамуына, басшылықтың жемісті жұмыс жасауына көмектеседі.

Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін қарастырып, тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.

Біз кері байланыс орнату үшін үнемі ашықпыз және барлық өтініштер мен ұсыныстар міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе біздің назардан тыс қалмайды.

Колледж тарихы

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж — Қазақстан Республикасының ежелгі оқу орындарының бірі.

Колледж тарихы 1913 жылы Батыс аймақта ашылған оқытушылар семинариясынан бастау алады.

1920 жылдары семинария базасында 4-жылдық педагогикалық техникум ашылды. Орал қаласында педагогикалық институттың ашылуына дейін педагогикалық техникум республика мен облыстағы бірден-бір оқу орны болып табылды.

 

1937 жылы педагогикалық техникум Орал педагогикалық училище болып өзгертілді.

 

Ұлы Отан соғысы жылдарында училище Фурманов поселкесіне ауысты.

 

1957 жылы Орал педагогикалық институтында педагогикалық факультет (жоғары білімді бастауыш класс мұғалімдер және балабақша тәрбиешілерін даярлау факультеті) ашылуына байланысты педагогикалық училищеге қабылдау жүргізілмеді.

1967 жылы педагогикалық факультеттің жабылуына байланысты Орал педагогикалық училищесі қайтадан ашылды.

1994 жылы училище колледж статусына ие болды.

 

1998 жылы колледжге Қазақстанның белгілі қайраткері Жаһанша Досмұхамедов есімі берілді. 2003 жылы оқу орнының алдына Жаһанша Досмұхамедов ескерткіші орнатылды.

Тарихқа бай колледж қабырғасынан 50 мыңнан астам түлектер даярланып, Батыс Қазақстан облысының білім саласында қызмет етуде.

Түлектердің ішінде қоғам қайраткерлері дәрежеге дейін көтеріліп, елге танылғандары да бар: жазушы Генке Виктор Александрович, Совет Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың алғашқы мұғалімі- Республикаға еңбек сіңірген мұғалім-Зайцева Валентина Григорьевна, Республикаға Еңбек сіңірген өнер қызметкері-Базарбай Жұманиязов, Рогбин педагогикалық институтының ректоры, профессор, математика ғылымдарының докторы А.Зорьщиков т.б.

Колледж 11 мамандық бойынша педагогикалық кадрлар даярлауда:

-0101000 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие»;

-0102000 «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру»;

-0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»;

-0104000 «Кәсіптік білім беру»;

-0105000 «Бастауыш білім беру»;

-0106000 «Бейнелеу өнері және сызу»;

-0107000 «Технология»;

-0108000 «Музыкалық білім беру»;

-0111000 «Негізгі білім беру»;

-0511000 «Туризм (салалары бойынша)»;

-1305000 «Ақпараттық жүйелер».

Колледжде 123 оқытушы, оның ішінде 51–і жоғары және 28-і бірінші санаттағылар, 2 педагогика ғылымдарының докторы, 3 педагогика ғылымдарының кандидаты, 12 магистр, 4 магистрант жұмыс жасайды.

2017 студент білім алуда, оның ішінде 656-сы - мемлекеттік сұраныс бойынша, 1361 – ақылы бөлімде оқиды.

Оқу үрдісінде 57 оқу кабинеті, оның ішінде 3 лингафон кабинеті, 9 компьютер класы, 2 жылжымалы компьютер класы, 2 электрондық оқу залы, 2 шеберхана, спорт залы қолданылады. Колледжде ақпараттық оқыту ортасы, оқытушылар мен студенттер үшін автоматтандырылған оқу орындары жасақталған, соңғы үлгідегі 310 компьютер, 29 мультимедиялық, интерактивтік проекторлар, 6 интерактивтік тақта, 2 сенсорлық дисплей, мультимедиалық подиум, сенсорлық киоск, физика, химия, биология пәндерінен 3D форматта жұмыс жасайтын «Eureka» интерактивтік кешені, Work-Center, ColorQube 9201 көп функционалды құрылғыларымен жабдықталған. Барлық компьютерлер iD Net Econom/ iD Phone тарифімен 32 мбит/с жылдамдықты қамтитын Интернет желісіне қосылған.

Колледж 2000, 2009 жылы республикалық «Жыл колледжі», «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздігі» байқауында 3 орынды, 2006 және 2009 жылдары «Жыл колледжі» «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздігі» облыстық байқауларында І орынды иеленді.

1991 жылдан бастап колледжде бірнеше бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары, эксперименттік жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 1 докторлық диссертация, 3 кандидаттық диссертация, 12 магистрлік диссертация қорғалды. Қазіргі таңда колледжде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының 6 аспирант-ізденушісі ғылыми-эксперименттік жұмыстарын жүргізуде.

Оқу-тәрбие үрдісінде оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін анықтау үшін п.ғ.д., профессор Ш.Х.Құрманалинаның «Мұғалімнің АКТ жағдайында әдістемелік жұмысқа дайындығы диагностикасы» бағдарламасы қолданылуда.

Кітапхана қоры 74105 дана оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардан тұрады. Электрондық кітапхана құру мақсатында 2010 жылдан бастап «Кітапхана ісі» бағдарламасы енгізілді.

Оқу үрдісін ақпараттандыру бағытында колледжде жасақталған «Бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі» (авторы: п.ғ.д., профессор Ш.Х.Құрманалина), «Экономиканың теориялық негіздері» (авторы: п.ғ.к. К.З.Хамитова), «Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы» (авторы: п.ғ.к. Ш.С.Набидоллина) электрондық әдістемелік жүйелері, «Математиканың теориялық негіздері», «1-4 кластарға арналған математика», «1-4 кластарға арналған экономика» электрондық оқулықтары, барлығы 195 электрондық оқулық, 24 мультимедиялық оқыту бағдарламасы, 35 электрондық оқу құралдары пайдаланылуда.

2001 жылдан бері колледж жанында «Білім» бейіні бойынша оқу - әдістемелік бірлестік жұмыс жасайды. ҚР гуманитарлық және педагогикалық колледждері білім беру қызметін колледж оқытушылары жасақтаған 9 стандартқа сай жүргізуде. 60 оқулық пен оқу-әдістемелік кешендер ҚР колледждерінде сынақтан өтіп, 2006 жылдан бері «Фолиант» баспасынан жаппай басылымға шығарылуда.

Колледж директоры педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, «Білім» бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестік төрағасы, Батыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорлары Кеңесінің төрағасы - Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік Даму банкі арасындағы «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңарту» жобасы шеңберінде «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру», «Дене тәрбиесі және спорт», «Кәсіптік оқыту», «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім беру» кәсіптік стандарттарының, «Кәсіптік стандарт негізінде ТжКББ мамандықтары мен пәндері бойынша үлгілік оқу жоспары мен бағдарламаларын жасақтау» әдіснамасының авторы.

2003 жылы математиканы оқыту әдістемесінен электрондық-әдістемелік жүйе «Білім берудегі программалар мен ақпараттық технологиялар» атты республикалық көрмеде ІІ орынды иеленді.

2004, 2006 жылдары колледж «ТМД және Қазақстанның білім беру жүйесін ақпараттандыру» III, IV халықаралық форумына белсене қатысып, дипломант атанды.

2005 жылдан колледж Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының ұжымдық мүшесі.

 

2007 жылы колледж ИСО 9001:2001 сапа менеджменті жүйесі сертификатына ие болды.

 

2007 жылы «Мемлекеттік тіл – елдігіміздің алтын тұғыры» атты мемлекеттік тілді оқытуды жетілдіруге арналған оқу-әдістемелік кешендердің республикалық көрмесіне, 2008 жылы Ресей Федерациясы Астрахань қаласында өткен «Образование –инвестиции в успех» атты халықаралық көрмеге қатысып, Астрахань әлеуметтік-педагогикалық колледжімен меморандумға қол қойылды.

2008 жылы Алматы қаласында өткен «Ең үздік әдістемелік қызмет» республикалық байқауында Гран-приге ие болды.

2009 жылы сәуірде колледж қабырғасында «Техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғырту жағдайында педагог кадрларын даярлаудың рөлі» атты республикалық ғылыми– әдістемелік конференция өтті. Мамандықтар жәрмеңкесінде жұмыс берушілерге әр мамандық туралы анықтама беріліп, студенттер интерактивтік тақта көмегімен сабақтарынан үзінді көрсетті.

2009 жылдан бастап 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша оқу – тәрбие үрдісіне кредиттік және қашықтан оқыту жүйесін енгізу эксперименті басталды.

2009 жылы Республикалық оқу-әдістемелік Кеңестің шешімімен «Жеке тұлғаны қалыптастыру моделі» авторлық бағдарламасы, «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент», «Оқытудың интерактивті әдістері» оқу құралдары республика бойынша таратылуда.

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының талаптарын орындау мақсатында электрондық оқыту (е-leaning) жағдайында педагогикалық ұжымның жұмысын жетілдіру үшін колледжде 2010 жылдан бастап электрондық оқытудың элементтері енгізіліп, электрондық басқару жүйесі мен «Time Table» кешенде жасақталған электрондық сабақ кестесі қолданылуда.

2011 жылы «English Discoveries Online» бағдарламасы шеңберінде «Ағылшын тілін оқытудың біріктірілген кешенді жүйесі» базалық, орта және тереңдетілген деңгей бойынша 17 мультимедиялық оқу курсы алынып, оқу үрдісіне онлайн режимде енгізіліп, алғашқы түлектер - ағылшын тілін меңгерген бастауыш сынып, информатика, өзін-өзі тану, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, барлығы 100 түлек 2015 жылы колледжден қанат қақты. 2013-2014 оқу жылынан бастап барлық мамандықтарға факультатив есебінен тереңдетілген шетел тілі пәні жүргізілуде.

2013 жылы колледж 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтой шеңберінде колледж қабырғасында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне инновациялық технологияларды енгізу» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

2014-2015 оқу жылынан бастап колледжде электрондық басқару және бақылау жүйесі орнатылған. Электрондық басқару жүйесінде RMS TektonIT және iTALC бағдарламалары, RVI IP-видеожүйесі біріктіріліп, бұл оқу кабинеттерін бақылау және басқару, мониторинг жүргізуге мүмкіндік берді.

2015 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде жалпы білім беру ұйымдарындағы, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінегі оқулықтардың сапасына қатысты «Оқулықтардың сапасы және жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету туралы» тақырыбында өткен Үкімет сағаты шеңберіндегі оқулықтардың көрмесіне қатысып, колледжде жасақталған білім беру стандарттары, кәсіптік стандарттар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, электрондық оқулықтардан көрме ұйымдастырып, колледж директоры Ш.Х.Құрманалина Парламент Мәжілісінің депутаттары мен Білім және ғылым министрлігінің өкілдеріне колледжде қалыптасқан ғылыми және авторлық мектептің жұмысымен таныстырды.

 

2015 жылы колледж білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің аккредитациялауынан және мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтіп  «Институционалдық аккредитациялау туралы  куәлігіне» ие  болды. Бұл сапалы маман дайындау жолында жүзден астам жыл қызмет етіп келе жатқан ұжым еңбегіне берілген үлкен баға екендігі анық.

 

2015-2016 оқу жылынан бастап студенттердің сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға және практикалық тапсырмаларды шеше білуге, ғылымға, технологияға, математикаға қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік беретін «Робототехника» элективті курсы енгізіліп, «Робототехника» кабинеті жасақталды.

2016 жылы Білім және ғылым министрлігі мен "Кәсіпқор" холдингі ұйымдастырған кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған WSK ұлттық байқауында, «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» құзыреті бойынша Шалқыма Хайроллақызы бас сарапшы болып тағайындалды.

Колледждің физика және информатика пәні оқытушысы А.О.Ералиева (2013 жылы) және ағылшын тілі оқытушысы А.Н.Мухсинова (2015 жылы) республикалық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы атанды.

Ұлттық бизнес-рейтингтер одағы (ҰБР) рейтингісі бойынша дамытудың таңдап алынған стратегиясының тиімділігінің нәтижесінде колледж «Сала көшбасшысы-2015» атағына ие болды.

 

Колледж Орал қаласы мен облыстың базалық мектептерімен, мектепке дейінгі ұйымдармен, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, ҚазИТУ жоғары оқу орындарымен, «Андас» оқу орталығымен екіжақты келісім-шарт негізінде байланыс жасайды.

0105033 «Бастауыш білім берудің шетел тілі мұғалімі», 0106000 «Бейнелеу өнері және сызу», 0107000 «Технология» мамандықтары бойынша студенттердің кәсіби даярлығын жетілдіру, шығармашылық жұмысын арттыру мақсатында Шотландиялық AMEC компаниясымен өзара қарым-қатынас орнатылған. Ұлыбританиялық Аймақтық Кембридж колледжімен өзара келісім-шартқа қол қойылып, бірлесіп мамандар даярлау бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Колледжде еңбек және соғыс ардагерлерінен құралған «Ұрпақтар сабақтастығы» клубы, «Қайырымдылық» волонтерлар қозғалысы, «Ажар» қоғамдық бірлестігі, көшбасшылар мектебі, студенттік құрылыс жасағы, республикалық конкурстардың жеңімпазы «Жайық жастары» педагогикалық отряды, «Дарын», «Зерде», «Серпін», «Гармония», «Вдохновение» т.б. клубтары жұмыс жасайды. 

2016 жылы Колледж түлегі, ақын, лирик, Жайықтың Ақмаржаны, Таубаева Ақмаржанның дәрісханасы салтанатты түрде ашылды.

2017 жылдан бастап "Platonus College" автоматтандырылған білім беру платформасымен оқу үрдісінде жұмыс жасалуда. Қазақстандық Білім беру және спорттық робототехника «ҚазРоботикс» федерациясы» РҚБ ұйымдастыруымен 2017 жылдың 20 мамыр күні Орал қаласының Республикалық жоғары техникалық колледж базасында аймақтық іріктеу «KazRoboSport-2017» және «KazRoboProject-2017» іріктеу чемпионатында «Жаһанша 1» командасы жүлделі 3-орынды иеленіп, қола жүлдегер атанды. «Мектепке дейінгі және жалпы орта білім жүйесі бойынша» Республикалық конкурста Н.А.Хамзин 2017 жылдың үздік педагогі атағына, «Үздік педагог» төс белгісіне және сертификатқа ие болды.

2018-2019 оқу жылында «Рухани мұра» кабинеті ашылды, кабинет стендтері және кітапхана кітаптары электрондық ақпаратын алатын QR код бағдарламасымен қамтамасыз етілді. 1991 жылдан бастап колледжде бірнеше бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 3 кандидаттық диссертация (2010 ж., 2007 ж., 2010 ж.), 2 докторлық диссертация (2002ж. 2011ж) қорғалды. Қазіргі таңда колледжде 13 магистр, 2 ғылым кандидаты, 1 ғылым докторы жұмыстануда.

2018жылы ақын –жазушы Ақмаржан Таубаеваның «Құлын дауысты жыр әлемі» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті.

2016-2019 оқу жылы бойынша барлығы 9 оқытушы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

2016 жылдан бастап колледж техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушы және жас мамандар арасындағы «WorldSkills Kazakhstan» чемпионатына қатысады. «WorldSkills Kazakhstan-2016» аймақтық чемпионатында Сейткереева Тұрсынгүл (Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі) ІІ дәрежелі диплом, күміс медалі,

«WorldSkills Kazakhstan-2018» өңірлік чемпионатында Әжімұрат Асылхан («Веб-Дизайн») ІІІ дәрежелі диплом иеленді.

2018 жылы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж атағы берілді.

2018ж «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Кітап оқитын колледж» облыстық байқауында колледж І орынды иеленді.

2019 жылы колледж өз жұмысында халықаралық байланысты нығайтуға ерекше көңіл бөледі. Оқу орны Ғ.Тоқай атындағы Арск педагогикалық колледжімен (Татарстан, Ресей) өзара ынтымақтастық қарым-қатынаста.

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетімен колледж оқытушыларының ғылыми әлеуетін арттыру, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын бірлесе жасақтау мақсатында тығыз байланыс жасайды.

Түлектерді бір қоғамдастыққа шоғырландыруға бағытталған арнайы «Түлектер Ассоциациясы» құрылды.

«Мектепке дейінгі және жалпы орта білім жүйесі бойынша» Республикалық конкурста А.Б. Искалиева 2019 жылдың үздік педагогі атағына, «Үздік педагог» төс белгісіне және сертификатқа ие болды.

2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап педагогикалық колледж ұжымы «Назарбаев зияткрлік мектептері» ДББҰ – мен бірге «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім мазмұнын модернизациялау эксперименті жүргізілуде.

КОЛЛЕДЖБЕН БАЙЛАНЫС
Мекен-жайы: Қазақстан 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 173

БСН 990940002548
БСК IRTYKZKA
ЖСК KZ6096512F0007757685
"ForteBank" АҚ Орал қаласындағы филиалы. кбе 16
Клиент үшін бірегей код: СEA2272374

Бүгін 102

Кеше 282

Осы аптада 1252

Осы айда 9288

Барлығы 186807

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска