25-26 ақпан күндері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез – құлықтың үлгісін қалыптастыру жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау мақсатындағы «Жаһанша – адалдық алаңы» жобасы аясында студенттер арасында сурет және эссе байқаулары өтті. Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз ойларын және колледждегі «Академиялық адалдық алаңы» жұмысының тиімділігін өз шығармашылықтарымен жазылған эсселерде және суреттерінде ашып көрсетті. «Үздік» деп танылған суреттер мен эсселерге арнайы мараппаттар дайындалды.
27 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті ұсынысымен педагогикалық колледжде ашылған «Парасаттылық мектебі» өз жұмысын жалғастыруда.
Бүгінгі облыстық семинарда біз өз тәжірибемізбен облыстың жоғары және арнаулы оқу орындары басшылары және студенттерімен бөлістік.Студенттер ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша Департамент басшысы Р.С.Ақмырзаевпен, "Nur Otan" партиясы БҚО филиалының төрағасының орынбасары М.Р.Мұқаевпен бір дөңгелек үстел барысында пікір алысу мүмкіндігіне ие болды."ЖаҺанша адалдық алаңы" аясында студенттердің жемқорлыққа қарсы көзқарастарын білдіретін үздік суреттер мен эссе байқауының жеңімпаздары анықталды.
«Парасаттылық мектебі» тыңдаушылары облысқа белгілі ғалымдар мен практиктердің өзекті тақырыптардағы шеберлік сағаттарына қатысты. Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесімен танысты, шетелдегі білім саласындағы адалдықты қамтамасыз ету жұмысымен Кристиан Сорилья таныстырды. Бұл істер жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыруға, жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындауға жол ашады.